"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптама түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44
бұйрығына
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2001 жылғы 22 маусымдағы
N 80
және 2004 жылғы 26 наурыздағы N 75 бұйрықтарымен енгiзiлген толықтырулармен және өзгерiстермен N 861 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар түрлерiнiң, бiлiктiлiгiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi беретiн сараптамалық мамандықтардың тiзбелерiнде:
реттiк нөмiрi 17-жолда:
"сараптамалық мамандық" деген 3-бағандағы "сот-сараптамалық психиатриялық зерттеу" деген сөздер алынып тасталсын;
"мамандық шифрi" деген 4-бағандағы "17.1" деген сандар алынып тасталсын.