"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2002 жылғы 2 қазандағы N 1991 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2003 жылы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 2108, 2109, 2110 нөмірлерімен тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 895 , 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 902 , 903 , тиісінше Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылдың 3 сәуірдінде N 2226 тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 6 маусымдағы N 2353 тіркелген 2003 жылғы 21 мамырдағы N 210 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 26 маусымдағы N 2380 тіркелген 2003 жылғы 2 маусымдағы N 221 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 14 қарашадағы N 2559 тіркелген 2003 жылғы 21 қазандағы N 404 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2004 жылғы 12 шілдедегі N 2945 тіркелген 2004 жылы 24 маусымдағы N 312 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2004 жылғы 8 қарашадағы N 3199 тіркелген 2004 жылғы 21 қазандағы N 532 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2004 жылғы 19 қарашадағы N 3209 тіркелген 2004 жылғы 12 қарашадағы N 579 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 6 қаңтардағы N 3324 тіркелген 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 667 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 17 ақпандағы N 3446 тіркелген 2005 жылғы 2 ақпандағы N 38 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 1 тамыздағы N 3763 тіркелген 2005 жылғы 29 маусымдағы N 286 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 3972 тіркелген 2005 жылғы 30 қарашадағы N 535 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 4023 тіркелген 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9 бұйрықтарымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 94, 95, 96, 97-тармақтармен толықтырылсын:
"94. ЭКР 3110 ФКZ (979-00 нұсқасы)
95. ЭКР 3110.03 ФКZ (979-00 нұсқасы)
96. Феликс РФ KZ (230-01 нұсқасы)
97. АТРОН 104Ф KZ (01 нұсқасы)".