Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас прокурорының 06.02.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Қылмыстық қудалау органдарында қылмыстар және оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, сондай-ақ басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру тәртібіне толық және жан-жақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың N 1 қосымшасына сәйкес, "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша ішківедомстволық қызметі туралы" N 6 нысан мәліметтері;
2) осы бұйрықтың N 2 қосымшасына сәйкес, "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша ішківедомстволық қызметі туралы" N 6 нысан мәліметтерін құрастыру бойынша Нұсқаулық.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В.Ким) осы бұйрықты орындалуы үшін барлық қылмыстық қудалау органдарына жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Бас Прокурордың орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының |
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмыспен күрес
жөніндегі агенттігінің Төрағасы
(қаржы полициясы)
2005 жыл 1 желтоқсан
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
2006 жыл 25 қаңтар
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2006 жыл 16 қаңтар
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
2006 жыл 1 желтоқсан
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрі
2005 жыл 30 қараша
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрі
2005 жыл 20 желтоқсан
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау
комитетінің Төрағасы - Вице-министр
2005 жыл 2 қараша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 9 бұйрығына N 1 қосымша |
N 6 нысанды Мәліметтер
"Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу
тәртібін бақылау бойынша ішкі ведомстволық қызмет туралы"
А Кестесі
Атау лары | жол дың коды | ҚІҚ-ні ведомство лық тексеру жүзеге асырыл ды | Сонымен қатар | ведомстволық жолмен анықталған ҚІҚ-ін бұзушылықтар | Сонымен қатар | ||||||
орталық аппарат қызметкерлерімен | сон.ішін | аумақтық органдармен | сон.ішін | орталық аппарат қызметкерлерімен | сон.ішін | аумақтық органдармен | сон.ішін | ||||
орталық ішкі ведомстволық комиссиямен | аумақтық органдардың ішкі ведомстволық комисссияларымен | орталық ішківедомстволық комиссиямен | аумақтық органдардың ішкі ведомстволық комиссияларымен | ||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Барлығы: |
кестенің жалғасы
Есептен жасырыл- ған ныса- нына (тә- сіліне) байланыс- сыз ве- домство- лық жол- мен қыл- мыс тура- лы тір- келмеген ақпарат- тар (ма- териал- дар) анықтал- ған | Сонымен қатар | Бұрын тір- кел- меген қыл- мыс- тар- дың ве- домст- волық жол- мен анық- талып, есеп- ке қойы- луы | Сонымен қатар | ||||||
ор- та- лық ап- па- рат қыз- мет- кер- ле- рі- мен | сон. ішін | ау- мақ- тық ор- ган- дар- мен | сон. ішін | орта- лық аппа- рат қыз- мет- кер- лері мен | сон. ішін | аумақ- тық орган- дармен | сон. ішін | ||
ор- та- лық ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- мен | ау- мақ- тық ор- ган- дар- дың ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- ла- ры- мен | орта- лық ішкі ведом- ство- лық комис- сия- мен | ау- мақ- тық ор- ган- дар- дың ішкі ве- дом- ство- лық ко- мис- сия- ла- рымен | ||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Бар- лығы: |
кестенің жалғасы
сон.ішін. | Ведомство- лық бастама бойынша прокурордың ҚІ қозғау арқылы ҚІҚ бас тарту туралы қаулыны алып тастауы | Сонымен қатар | ҚІҚ-ін бұз- ғаны үшін тәртіптік ретте жазаланған қызметкерлер | ||
сотқа бағыт- талған | есептен шығару арқылы қысқартыл- ған | орталық аппарат- тың бас- тамасы бойынша | аумақтық органның бастамасы бойынша | ||
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
кестенің жалғасы
тәртіптік жауаптылыққа тартылғандардың ішінен жазаланғандары: | ҚІҚ-ін бұзғаны үшін лауазы- мынан босатыл- ғандардың және органдар- дан қыз- меттен шығарыл- ғандардың барлығы | Қылмыстық жауапты- лыққа тартылған қызмет- керлер | ||||
прокурор- лық қадағалау нәтижеле- рі бойынша | орталық аппарат тарапы- нан ведомст- волық бақылау- дың нә- тижелері бойынша | аумақтық органдар тарапы- нан ведомст- волық бақылау нәтиже- лері бойынша | басшы- лар | ішкі ведомст- волық комиссия мүшелері | ||
27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
N 6 нысанды Мәліметтер
"Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін
бақылау бойынша ішкі ведомстволық қызмет туралы"
Б Кестесі
Атау- лары | жол- дың коды | ҚІҚ- ні ве- дом- ст- во- лық тек- серу жү- зеге асы- рыл- ды | Сонымен қатар | ве- дом- ст- во- лық жол- мен анық- тал- ған ҚІҚ- ін бұзу- шы- лық- тар | Сонымен қатар | ||||||
ор- та- лық ап- па- рат қыз- мет- кер- ле- рі- мен | сон. ішін | ау- мақ- тық ор- ган- дар- мен | сон. ішін | ор- та- лық ап- па- рат қыз- мет- кер- лері мен | сон. ішін | ау- мақ- тық ор- ган- дар- мен | сон. ішін | ||||
ор- та- лық ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- мен | ау- мақ- тық ор- ган- дар- дың ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- ла- ры- мен | ор- та- лық ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- мен | ау- мақ- тық ор- ган- дар- дың ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- ла- ры- мен | ||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Аста- на қ. | 1 | ||||||||||
Ақмо- ла обл. | 2 | ||||||||||
Ақтө- бе обл. | 3 | ||||||||||
Алма- ты қ. | 4 | ||||||||||
Алма- ты обл. | 5 | ||||||||||
Аты- рау обл. | 6 | ||||||||||
Ш- Қа- зақс- тан обл. | 7 | ||||||||||
Жам- был обл. | 8 | ||||||||||
Б- Қа- зақ- стан обл. | 9 | ||||||||||
Қара- ғанды обл. | 10 | ||||||||||
Қы- зыл- орда обл. | 11 | ||||||||||
Қос- танай обл. | 12 | ||||||||||
Маң- ғыс- тау обл. | 13 | ||||||||||
Пав- лодар обл. | 14 | ||||||||||
С- Қа- зақ- стан обл. | 15 | ||||||||||
О- Қа- зақ- стан обл. | 16 | ||||||||||
О- Шығыс кө- лік- тік аймақ | 17 | ||||||||||
Б- кө- лік- тік аймақ | 18 | ||||||||||
Орта- лық кө- лік- тік аймақ | 19 | ||||||||||
Әске- ри ор- ган- дар | 20 | ||||||||||
Орта- лық аппа- рат | 21 | ||||||||||
Бар- лығы: | 22 |
кестенің жалғасы
Есептен жасырыл- ған ныса- нына (тә- сіліне) байланыс- сыз ве- домство- лық жол- мен қыл- мыс тура- лы тір- келмеген ақпарат- тар (ма- териал- дар) анықтал- ған | Сонымен қатар | Бұрын тір- кел- меген қыл- мыс- тар- дың ве- домст- волық жол- мен анық- талып, есеп- ке қойы- луы | Сонымен қатар | ||||||
ор- та- лық ап- па- рат қыз- мет- кер- ле- рі- мен | сон. ішін | ау- мақ- тық ор- ган- дар- мен | сон. ішін | орта- лық аппа- рат қыз- мет- кер- лері мен | сон. ішін | аумақ- тық орган- дармен | сон. ішін | ||
ор- та- лық ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- мен | ау- мақ- тық ор- ган- дар- дың ішкі ве- дом- ст- во- лық ко- мис- сия- ла- ры- мен | орта- лық ішкі ведом- ство- лық комис- сия- мен | ау- мақ- тық ор- ган- дар- дың ішкі ве- дом- ство- лық ко- мис- сия- ла- рымен | ||||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Бар- лығы: |
кестенің жалғасы
сон.ішін. | Ведомство- лық бастама бойынша прокурордың ҚІ қозғау арқылы ҚІҚ бас тарту туралы қаулыны алып тастауы | Сонымен қатар | ҚІҚ-ін бұз- ғаны үшін тәртіптік ретте жазаланған қызметкерлер | ||
сотқа бағыт- талған | есептен шығару арқылы қысқартыл- ған | орталық аппарат- тың бас- тамасы бойынша | аумақтық органның бастамасы бойынша | ||
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
кестенің жалғасы
тәртіптік жауаптылыққа тартылғандардың ішінен жазаланғандары: | ҚІҚ-ін бұзғаны үшін лауазы- мынан босатыл- ғандардың және органдар- дан қыз- меттен шығарыл- ғандардың барлығы | Қылмыстық жауапты- лыққа тартылған қызмет- керлер | ||||
прокурор- лық қадағалау нәтижеле- рі бойынша | орталық аппарат тарапы- нан ведомст- волық бақылау- дың нә- тижелері бойынша | аумақтық органдар тарапы- нан ведомст- волық бақылау нәтиже- лері бойынша | басшы- лар | ішкі ведомст- волық комиссия мүшелері | ||
27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылы 6 ақпандағы 9 бұйрығына N 2 қосымша |
"Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу
тәртібін бақылау бойынша ішкі ведомстволық
қызметі туралы" N 6 нысанды мәліметтерді
құру жөніндегі
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша ішкі ведомстволық қызметі туралы" N 6 нысанды мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) құру мен қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Мәліметтерді тағайындау қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету бойынша ішкі ведомствалық жұмыстың сапасы мен тиімділігін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштерді есепке алудан, жинақтаудан және жүйелеуден тұрады.
Мәліметтерді қалыптастыру қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайын, ішкі ведомстволық қызметін оны жақсарту бойынша дифференциялық есепке алумен және бағалаумен қорытындыланады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК), Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – ЭҚСЖҚКА), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚМ), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – ҚМ КБК) органдары аталған статистиканың субъектілері болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.4. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен айқындылығына тиісті органдардың атқарушылары мен басшылары жауапты болады.
5. Мәліметтерді құру кезінде қисынды арақатынастарды сақтау қажет.
2. Мәліметтердің ұсынылу мерзімдері
6. Мәліметтер тоқсан сайын қылмыстық қудалаудың аумақтық (аудандық, қалалық, облыстық және соларға теңестірілген) органдарымен есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне үдемелі қорытындымен құрастырылады.
Қылмыстық қудалаудың облыстық және соларға теңестірілген органдары ҰҚК, ЭҚСЖҚКА, ІІМ, ҚМ, ТЖМ және ҚМ КБК органдарының орталық аппараттарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 12 күніне тапсырады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.7. Қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттары республика бойынша жинақталған мәліметтерді құрастырып, қажет жағдайда сұрау бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне ұсынылады.
3. Мәліметтерді құрастыру тәртібі
8. Мәліметтерді есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына кешенді бақылау және қадағалау шараларын жүзеге асыру барысында алынған ақпараттардың негізінде ішкі ведомстволық комиссия қызметкері құрастырады.
9. Аумақтық органдардың мәліметтері "барлығы" деген бір жолдан тұрады (1 қосымшаның А кестесі).
Қылмыстық қудалау органдары орталық ақпараттары мәліметтерінің 1-19-жолдарында облыстар, аймақтар бойынша мәліметтер; 20-жолда - әскери органдар бойынша мәліметтер; 21-жолда - органның орталық аппараты бойынша мәліметтер; 22-жолында - қорытынды мәліметтер (1-21-жолдардың сомасынан тұрады) бейнеленеді (N 1 қосымшаның Б кестесі).
10. 1-бағанда қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру кезіндегі заңдардың сақталуына органдардың орталық аппаратымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен (облыстық, аудандық (қалалық) және соларға теңестірілген органдар) жүргізілген тексерулердің саны бейнеленеді.
Мәліметтер тексеру аяқталып, оның нәтижелері туралы анықтама құрылғаннан кейін енгізіледі. Баған тексеру барысында бұзушылықтар табылған не табылмағандығына байланыссыз жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерден тұрады. Тексерулердің саны тексерілген органдардың саны бойынша ескеріледі.
11. 2-бағанда (1-бағаннан алынған) органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің орталық аппараттың өзінде, сондай-ақ аумақтық органдарда жүргізген тексерулерінің саны көрсетіледі. Аумақтық органдардағы тексеру материалдар, салыстырулар және т.б. бойынша бармай да жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен бірге тексеру тек анықтама жасалғанда ғана ескеріледі.
2-бағаннан алынған 3-бағанда органдардың орталық аппаратының ҚІҚ-ін бақылау бойынша ішкі ведомстволық комиссиялардың жүргізген тексерулері ерекшеленеді.
12. 4-бағанда (1-бағаннан алынған) облыстық, аудандық (қалалық) деңгейдегі және соларға теңестірілген аумақтық органдардың қызметкерлері жүргізген тексерулердің саны көрсетіледі.
4-бағаннан алынған 5-бағанда аумақтық органдардың ҚІҚ-ін бақылау бойынша ішкі ведомстволық комиссиялардың жүргізген тексерулері ерекшеленеді.
13. 6-бағанда органдардың бақылаулық ішкі ведомстволық қызметті басқа тәсілмен тексеру немесе салыстыру, жүзеге асыру барысында табылған қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру тәртібін бұзушылықтың жалпы саны бейнеленеді.
Есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу әрбір дерек бойынша есепке алынады.
14. 7-бағанда органдардың орталық аппараттарының қызметкерлері тапқан бұзушылықтардың саны көрсетіледі. Аталған бұзушылықтардың саны 6-бағаннан шығады. Солардан алынған 8-бағанда орталық ішкі ведомстволық комиссиялар анықтаған бұзушылықтардың саны бейнеленеді.
9-бағанда аумақтық органдар, солардың ішінен 10-бағанда аумақтық органдардың ведомстволық комиссиялары анықтаған бұзушылықтары есепке алынады.
15. 11-бағанда Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) тіркелмеген қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштердің, хабарламалардың және өзге де ақпараттың саны бейнеленеді.
11-бағанда ескерілетін қылмыстар туралы тіркелмеген өтініштерге ӨАЕК-нда тіркелусіз және қабылданған іс жүргізу шешімінсіз қалған формальды түрде қылмыс белгілерінен тұратын өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар жатады.
Іс жүргізу шешімдері ӨАЕК-нда тиісті тіркеуден өтпей қабылданған өтініштер мен хабарламалар тек 6-бағанда ескеріледі.
12-15-бағандарда 11-бағаннан шығатын, оларды анықтаған бөлімшелерге байланысты қылмыстар, оқиғалар туралы ӨАЕК-нда тіркелмеген өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.16. 16-бағанда тексеріс немесе салыстыру барысында ведомстволық жолмен анықталған, алдыңғы уақытта тіркелмеген есепке алынған қылмыстар саны бейнеленеді.
Жасырылған қылмыстарды есепке алу үшін 1.0. нысанды кәртішкесі және қылмыстық істі қозғау туралы қаулының көшірмесі негіз болып табылады.
17-20-бағандарда есептен жасырылған қылмыстар оларды тапқан бөлімшелерге байланысты ескеріледі.
17. 21 және 22-бағандарда анықталған ведомстволық жолдар және есепке қойылған жасырылған қылмыстар бойынша қозғалған қылмыстық істердің "сотқа жіберу туралы" және "ақталынған негіздер бойынша қысқартылған" шешімдері көрсетіледі.
18. 23-бағанда ведомстволық бастама бойынша қылмыстық істі қозғау арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы прокурордың алып тастаған қаулыларының саны бейнеленеді. Бұл саннан 24-бағанда органның "орталық аппарат бастамасы бойынша" және 25-бағанда "аумақтық орган бастамасы бойынша" сөздері ерекшеленеді.
19. 26-33-бағандарда қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру кезіндегі бұзушылықтары үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы ақпарат бейнеленеді.
26-бағанда тәртіптік ретте жазаланған орган қызметкерлерінің жалпы саны есепке алынады. Аумақтық органдардың бұзушылықтары үшін орталық аппараттың қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылған жағдайда жазаланғандардың бұл саны органның орталық аппараты бойынша көрсетіледі.
20. Тәртіптік жауаптылыққа тартылғандардың санынан (26-бағаннан алынған) 27-бағанда "прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша" (прокуратура органдарының тексеру, салыстыру, қадағалау қызметін жүзеге асыру қорытындылары бойынша); 28-бағанда - "орталық аппарат тарапынан ведомстволық бақылау нәтижелері бойынша" және 29-бағанда - "аумақтық органдар тарапынан ведомстволық бақылау нәтижелері бойынша" жазаланғандар көрсетіледі.
21. Сонымен қатар 26-бағаннан алынған 30-бағанда тәртіптік жауаптылыққа тартылған орган басшылары ерекшеленеді, оларға органдардың орталық аппараттарының, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, бастықтарының орынбасарлары жатқызылады.
31-бағанда (26-бағаннан алынған) есепке алу-тіркеу тәртібін жеткіліксіз бақылағаны үшін жауаптылыққа тартылған ішкі ведомстволық комиссиялар мүшелерінің (комиссия хатшыларын қоса алғанда) саны ескеріледі.
22. 32-бағанда (26-бағаннан алынған) есепке алу-тіркеу тәртібін бұзғаны үшін лауазымынан босатылған және органдардан қызметтен шығарылған тұлғалардың саны ерекшеленеді.
23. 33-бағанда есепке алу-тіркеу тәртібі саласында, ҚР Қылмыстық Кодексімен қаралған, қылмыстарды есепке алудан жасырғаны, құжаттамаларды фальсификациялағаны және өзге де әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған қызметкерлердің саны көрсетіледі.