"Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 ақпандағы N 61 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4088. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 561 Бұйрығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007.11.20.  N 561  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылаудың рәсімдерін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 29 желтоқсандағы N 1056  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 3-8, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінде:
      8-тармақтың үшінші абзацындағы "2 ай" деген сөздер "1 ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "МАБ жалпы орта білім берудің бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) сатысында ағымдағы жылы 20 ақпан 20 наурыз кезеңінде өткізіледі";

      14-тармақта "15" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;

      20-тармақтың екінші абзацындағы "060000 - мәдениет, өнер, архитектура, 521100 - өнертану (түрлері бойынша), 521700 - өнер (түрлері бойынша), 521300 - дизайн (бейіндері бойынша), 522000 - архитектура топтар" деген сөздер "өнер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы