Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 19 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4066. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 Қаулысымен

Күшін жойған

       Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 210  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті былайша жүзеге асырады деп белгіленсін:
      1) базалық активі мыналар болып табылатын жеткізілмейтін (тараптардың айырықша міндеттемелер бойынша ақшалай есеп айырысу жөніндегі сөзсіз міндеттемесі) туынды бағалы қағаздармен:
      шетел валютасы;
      тазартылған қымбат металдар;
      2) базалық активі мыналар болып табылатын туынды бағалы қағаздармен:
      сыйақы мөлшерлемесі;
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес екінші деңгейдегі банктердің сатып алуына рұқсат берілген бағалы қағаздар;
      тізбелері осы қаулының қосымшасында белгіленген есеп айырысу көрсеткіштері (индекс);
      кредиттік тәуекел көрсеткіші (credit default swаp).
      2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағымен белгіленген туынды бағалы қағаздар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарында сатылады.
      Кредиттік тәуекел көрсеткіші (credit default swap) базалық актив болып табылатын екінші деңгейдегі банктер сатып алатын туынды бағалы қағаздар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
      "А-" ("Standard & Poor's" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингтік баға;
      "А1" ("Standard & Poor's" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) немесе "P1" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес қысқа мерзімді рейтингтік баға.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және қаржы 
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі      
Басқармасының            
2006 жылы 9 қаңтар       
N 19 қаулысына қосымша   

Есеп айырысу көрсеткіштерінің
(индекстер) тізбесі

      1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
      2. DAX (Deutscher Aktienindex)
      3. CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
      4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index) 
      5. TOPIX (Tokyo Price Index)
      6. HSI (Hang Seng Index)
      7. ENXT 100 (Euronext 100)
      8. RTSI (Russian Trade System Index)
      9. DJIA (Dow Jones Industrial Average)
      10. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index)
      11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
      12. KASE-Shares (Kazakhstan Stock Exchange-Shares)
      13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)