"Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі N 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4064

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі N 145  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1987 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылы N 41-42 бюллетенінде, 721-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Комитет лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) не оларды тіркеуден бас тартуды өтініш берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма күн ішінде жүргізеді.
      Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда, тіркеу мерзімі олар келіп түскенге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары үшін - бұқаралық ақпарат құралды есепке қою куәлігінің, телевизия және (немесе) радио арқылы хабар таратуды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік лицензияның заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
      7) тіркеген үшін алым төленгенін растайтын құжат тапсырылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Комитет МТК-ның түпнұсқасы жоғалған, бүлінген немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда, оның телнұсқасын өтініш берушінің өтініші бойынша жеті жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.
      МТК телнұсқасын берген үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік тіркеген үшін алым алынады.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Өтініш беруші берген мәліметтердің растығына Комитет жауапты емес.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі