"Заңға бағынысты актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-Ө Өкімі шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 65, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 293, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 420 "Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Қазақстан Республикасының шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі шетел азаматтарының заңсыз қоныс аударуының жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырудың тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (бұдан әрі - Нұсқаулық) (мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінің N 1862 нормативтік құқықтық актілерінде тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша:
"Мемлекеттік кіріс министрлігі", "Мемлекеттік кіріс министрлігінің", "МКМ", "Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің", "Кедендік басқармалары" деген сөздерін тиісінше "Қаржы министрлігі", "ҚМ", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті", "Кедендік бақылау департаменттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Кедендік бақылау және кедендік режимдерді ұйымдастыру бас басқармасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі