"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
26-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған құстардың зардапты тұмауын алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі.
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық басқармаларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 24 қаңтардағы N 63 "Құстардың инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы" (N 3448 нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) бұйрығының
1 тармағының
1) тармақшасының күші жойылсын.
5. Осы бұйрық алаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
25 қаңтардағы 2006 жылғы
N 45 бұйрығымен бекітілген
Жоғары зардапты құс тұмауын алдын-алу және
жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі
2. Осы ережеде келесі түсінік қолданылады:
Құстарды жабық ұстау типі - құстардың ауылшаруашылық жануарларымен және жабайы құстармен жанасу және араласуын шектейтін, ерекше ұстау түрі.
3. Жоғары зардапты құс тұмауы (Highly patopogenic avium influenza) аса қауіпті, жіті түрде өтетін жоғары зардапты, тыныс алу, асқорыту органдары мүшелерінің, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және жоғары өліммен сипатталады.
Ауруға үй құстарының барлық түрі, синантропты және жабайы құстар бейім.
4. Қоздырғышы - Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын вирус, Jnfluenzavizuc түрі, А типі. Тұмау вирусының А типінің сыртқы гемогглютинді белогі бойынша - 15, нейраминидазе бойынша - 9 түрлері бар. Өте жиі жоғары зардапты категорияға вирустың гемогглютинді Н
5
және Н
7
сероварианттары жатады. Құс тұмауының вирусы өзгергіш, сондай-ақ адам және құс тұмауларының вирустарымен бірігу нәтижесінде тегін қайта өзгертуге (реассортацияа) қабілетті. Тұмаудың тегі өзгерген вирусы адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
5. Індет қоздырғышының көзі - ауру құстар, олардың секреттер мен экскреттер арқылы көптеген мөлшерде вирус бөлініп шығады. Ауру аэрогендік, алиментарлық, трансовариалдық жолмен жұғады.
Құс тұмауы үй құстарында өлім көрсеткіші жоғары (100 % дейін), жіті түрде өтеді. Жабайы суда жүзетін құстар құс тұмауымен жеңіл немесе субклиникалық формада ауырады және олар тұмау вирусының табиғи резервуары болып саналады.
6. Жоғары зардапты құстардың тұмауына эпизоотиялық мәліметтердің, клиникалық белгілердің, патологоанатомиялық өзгерістердің және зертханалық зерттеудің қортындысы негізінде диагноз қойылады.
2. Жоғары зардапты құс тұмауының алдын-алу
шаралары
8. Жоғары зардапты құс тұмауының ену қауіпі туған жағдайда, оның қоздырғышын енгізбеу мақсатында ветеринария саласындағы уәкілетті орган тиісті эпизоотияға қарсы шараларды қолданады, осыған сәйкес:
1) қолайсыз мемлекеттердің аумағынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін енгізуге (шығаруға) шектеу енгізу;
2) жабайы және ұшып келетін құстарға аңшылықты реттеу (жабайы құстарға аңшылық мерзімін реттеу, туысты үй құстарымен жанасу жиілігін азайту мақсатында құстарды атудың санын көбейту);
3) ең алғашқы аурудың пайда болу қауіпі төнетін аумақты анықтау, құс ұстайтын заңды және жеке тұлғаларға енгізілген шектеулер туралы тиісті өкімдер жіберу.
9. Шаруашылығында құстары бар жеке тұлғалар келесі талаптарды қатаң сақтауы қажет:
1) үй құстарын жабайы құстармен, әсіресе суда жүзетіндерімен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшіру;
3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына хабарлау;
4) жабайы құстармен бірге көлдердің маңайынан радиусі 5 шақырым көлемінде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
10. Шаруашылығында құстары бар заңды тұлғалар келесі талаптарды қатаң сақтауы қажет:
1) құстарды жабайы құстармен, әсіресе суда жүзетіндерімен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) радиусі 5(бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;
3) қажет болған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық инспектордың нұсқауы бойынша құстарды жабық типті режимде ұстауға көшіру;
4) індеттік аурулардан қолайлылығы тиісті ветеринариялық құжаттармен бекітілген шаруашылықтардан құстарды енгізу (шығару, араластыру);
5) шаруашылық субъектілерінде тазалықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргізу;
6) құстарды өсіру және ұстау технологиясын сақтау (аумақтық-жекелік зоналарда құстарды әртүрлі жастағы топтарға орналастыру, цикларалық алдын алу үзілісін сақтау және басқалары);
7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына хабарлау;
8) құстарды әртүрлі жануарлармен, әсіресе шошқалармен бірге ұстауға жол бермеу.
3. Жоғары зардапты құс тұмауының пайда болу және
таралуы жағдайында жүргізілетін іс-шаралар
13. Ауру шыққан жер, оған енетін аумақ ауру білінген жерге (ауру ошағына) қатынасы бойынша ара қашықтығына және вирустың тасымалдану факторлығының болуына байланысты, зоналарға бөлінеді:
1) індет ошағы зонасы - ауру тіркелген және оған енетін аумақ маңайындағы радиусі 8(сегіз) шақырымнан кем емес пункт (жер);
2) ауру қауіпі төнген зона - ауру тіркелген пункттің (індет ошағы зонасынан) шекарасы маңайынан радиусі 25 (жиырма бес) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы);
3) байқау зонасы - қауіпті зонаның шекарасы маңайынан радиусі 50 (елу) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы).
14. Індет ошағының зонасында жоғары зардапты құс тұмауының қоздырғышын жою және оның одан ары таралуының алдын алу бойынша шаралар жүргізеді. Бұл үшін шаруашылық субъектілеріндегі, елді мекендегі барлық құстарды (өлексесін, ауруын, шартты сауын және сауын), олардың түріне, жасына қарамастан өртеу жолымен жояды.
15. Ластанған және вируспен ластануы мүмкін жерді (құс қоралары, аулалар, соятын жер, тасымалдау, қайта өңдеу) аталған аурудың қоздырғышына қарсы тиімді саналатын Қазақстан Республикасы Ветеринариялық препараттар мемлекеттік реестрінде тіркелген, дезинфекциялық құралдармен дезинфекциялайды.
16. Індет ошағы зонасынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін шығару(енгізу) толықтай тоқтатылады. Індет ошағы зонасының шекарасына ветеринариялық-санитариялық бекет (карантиндік) ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда аталған зонада жануарлардың барлық түрлерінің қозғалысы толықтай тоқтатылады.
17. Ауру қауіпі төнген зонада ауруға шектеу шаралары және аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгізіледі. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерімен жанасуын болдырмайды.