Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ұсынылып отырған Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, қайтарып алу Ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Екiншi деңгейдегi банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру тәртiбi туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255
қаулысы
(нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1611 тiркелген);
2) "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1611 тiркелген "Екiншi деңгейдегi банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру тәртiбi туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2003 жылғы 27 қазандағы N 376
қаулысы
(нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2587 тiркелген, "Казахстанская правда" газетiнде 2003 жылғы 10 желтоқсанда N 355-356 (24295-24296) жарияланған).
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
4. Банктердi қадағалау департаментi (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы
N 3 қаулысымен бекiтiлген
Банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, қайтарып алу
Ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" (бұдан әрi - Заң), " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банктiң және банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiмдi беру, қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Банктiң бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын банктiң, банктiк холдингтiң iрi қатысушы тұлғалары және бiрлескен банктiк холдинг болып табылатын тұлғалар Заңның 2 және 17-1-баптарында айқындалған.
2. Банктiң немесе банктiк холдингтiң бiрлескен iрi қатысушысының банктiң дауыс берушi акцияларын тiкелей немесе жанама иелену үлесi банктiң орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алғандарын шегере отырып) дауыс берушi акцияларының көлемiне қарай есептеледi.
2-тарау. Банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы
мәртебесiне ие болуға рұқсат беру туралы өтiнiштi
беру және қарау тәртiбi
3. Жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға iрi қатысушы немесе банк холдингi мәртебесiн иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы, тұрақты тұратын (болған) жерi туралы, сатып алу болжалданып отырған банк акцияларының санының проценттiк арақатынасы, орналастырылған (банктiң артықшылықты және сатып алынғандарын шегерiп) акциялардың саны және (немесе) банктiң дауыс беретiн акцияларының саны туралы мәлiметтердi, сондай-ақ өтiнiш берушi онымен бiрлесiп банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы болуды болжалдап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлесi) иеленуi банк акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тiзiмi көрсетiлген еркiн нысанда жасалған өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш) бередi.
4. Банктiң iрi қатысушы немесе банк холдингi мәртебесiн иелену үшiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетiн тұлға өтiнiшпен бiрге уәкiлеттi органға Заңның
17-1-бабының
4-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәлiметтердi бередi.
Өтiнiш берушi жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженiң
1-қосымшасына
сәйкес нысан бойынша берiледi.
Өтiнiш берушi заңды тұлғаның басшы қызметкерлерi туралы қысқаша деректер осы Ереженiң
2-қосымшасына
сәйкес нысан бойынша берiледi.
5. Банк холдингi мәртебесiн иелену үшiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетiн тұлға өтiнiшпен бiрге уәкiлеттi органға Заңның 17-1-бабының 5-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәлiметтермен қатар тәуекелдердi басқару жүйесiнiң және iшкi бақылаудың болуын растайтын, сонымен бiрге еншiлес ұйымдардың қызметiне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды бередi.
6. Банктiң iрi қатысушы немесе банк холдингi мәртебесiн иелену үшiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетiн Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлеген халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы қосымша мәлiметтердi бередi.
7. Тұлға (шарттың күшiмен немесе басқа жағдайда оның шешiмдi анықтауға мүмкiндiгi болуы және/немесе қабылданған шешiмге ықпал ету) банк акциясының жиырма бес және одан да артық процентiн (жарғы капиталындағы қатысу үлесi) иеленген жағдайда оны жанама иеленушi (дауыс берушi) болып табылады:
1) банктiң iрi қатысушысы (банк холдингi) болып табылатын тұлға (тиiсiнше банк акцияларының он (жиырма бес) және одан артық процентiмен дауыс беру мүмкiндiгi бар);
2) бiрлесiп банктiң iрi қатысушысы (банк холдингi) болып табылатын тұлғаның ең болмағанда бiрi;
3) тура және (немесе) банктiң iрi қатысушы (банк холдингi) болып табылатын тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесi) жиырма бес және одан артық процентiмен жанама дауыс берудi иеленетiн (дауыс беру мүмкiндiгi бар) немесе банк акцияларының он (жиырма бес) және одан артық процентiмен тура немесе жанама қатысу арқылы дауыс беру мүмкiндiгi бар тұлғалар.
Сондай-ақ банк акциясының жиырма бес және одан да артық процентiн (жарғы капиталындағы қатысу үлесi) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар иеленген жағдайда (шарттың күшiмен немесе басқа жағдайда оның шешiмдi анықтауға мүмкiндiгi болуы және/немесе қабылданған шешiмге ықпал етуi) банк акцияларын жанама иеленушi (дауыс берушi) болып мына тұлғалар болып табылады:
оның басшы қызметкерi болып табылатын заңды немесе жеке тұлға;
жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын iнi(аға) апалар (қарындастар), атасы, әжесi, немерелерi);
аталған заңды тұлғаның басшы қызметкерiнiң жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын iнi(аға) апалар(қарындастар), атасы, әжесi, немерелерi).
8. Уәкiлеттi орган банк холдингi немесе банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн берiлген өтiнiш бойынша шешiм құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап үш айдан кешiктiрмейтiн мерзiмде қабылданады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар берiлген жағдайда құжаттар өтiнiш иесiне қайтарылады. Құжаттар екiншi рет берiлген жағдайда оларды қарау мерзiмi жаңадан есептеледi.
10. Бұрын банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алған, бiрақ содан кейiн атауының өзгеруiне байланысты мемлекеттiк қайта тiркеуден өткен тұлға әдiлет органынан оларды алған күннен бастап он күннiң iшiнде уәкiлеттi органға растаушы құжаттарды тапсырады.
Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн осының алдында берiлген келiсiмге осы өзгерiстер мен қосулар туралы уәкiлеттi органның келiсiмiн алу талап етiлмейдi.
11. Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алған тұлға уәкiлеттi орган аталған келiсiмдi берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiнен немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналдық ұстаушылар жүйесiнен банктiң акциясын сатып алғандығын куәландыратын үзiндi көшiрменi ұсынады.
Үзiндi көшiрме жоғарыда аталған мерзiмде берiлмеген жағдайда уәкiлеттi орган берген келiсiм отыз күнтiзбелiк күн өтiп кеткен жағдайда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
12. Банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иелену туралы уәкiлеттi органның келiсiмiн осының алдында алған және соңынан банктiң немесе банктiк холдингтiң iрi қатысушысы белгiсiн иеленбеген тұлға аталған сәйкессiздiк пайда болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi орган алдында уәкiлеттi орган осының алдында берген келiсiмiн аталған өзгерiстi растайтын құжаттарды ұсыну арқылы өтiнiш бiлдiредi.
13. Банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуға уәкiлеттi органның келiсiмiн осының алдында алған және соңынан банктiң iрi қатысушысының белгiсiн ғана иеленiп отырған тұлға аталған сәйкессiздiк пайда болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi орган алдында уәкiлеттi орган осының алдындағы келiсiмiн қайтарып алу туралы өтiнiштi аталған өзгерiстi растайтын құжаттарды ұсыну арқылы бiлдiредi.
3-тарау. Банктiң немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге уәкiлеттi органның берген келiсiмiн
қайтарып алу тәртiбi
14. Уәкiлеттi орган шынайы емес мәлiметтердi анықтау негiзiнде келiсiм берген немесе iрi қатысушы немесе банк холдингi Заң талаптарын сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган осы Ережеге сәйкес берiлген келiсiмдi керi қайтарып алады.
15. Уәкiлеттi органның келiсiмi қайтарып алынған тұлға аталған келiсiм қайтарып алынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде оған тиесiлi банк акцияларының санын банк акцияларының оннан төмен (жиырма бес) процентiне дейiн қысқартады немесе өзiнiң тiке немесе жанама құқығы бар дауысын қосқандағы басшылыққа немесе банк саясатына ықпал етуге (немесе ықпал етуге ұмтылуға) өзiне мiндеттеме алады.
Бұл туралы хабарламаны тұлға қысқарту басталған немесе қоса берiлiп отырған растаушы құжаттар арқылы өзiне тиiстi мiндеттеме алған сәттен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға хабарлама бередi.
16. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн банктiң iрi қатысушыларына және банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ықпал етудiң шектеулi шараларын, санкцияларды және мәжбүр ету шараларын қолдануы мүмкiн.
Банктiң және банк
холдингiнiң iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге келiсiмдi
беру, қайтарып алу Ережесiне
1-қосымша
Банктiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болу туралы
өтiнiш берген жеке тұлға туралы қысқаша деректер
_____________________________________
(банктiң атауы)
1. Фамилиясы,аты-жөнi
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметi (қызметтерi)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының(дарының) мекен-жайы(мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6. Бiлiмi (бiлiктiлiк көтеру курсын қосқанда):
Түскен - аяқтаған
|
Оқу орнының атауы |
Мамандығы |
|
|
|
7. Еңбек қызметi туралы қысқаша түйiндеме:
Жұмыс кезеңi |
Жұмыс орны |
Қызметi |
|
|
|
8. Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы бар мәлiметтер:
Күні |
Сот органының
|
Соттың
|
Жаза түрі |
Соттың процессуалды
|
|
|
|
|
|
9. Қаржы, салық салу саласындағы әкiмшiлiк сыбайластық құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуы туралы мәлiметтер:
Күні |
Әкiмшiлiк
|
Әкiмшiлiк
|
Әкiмшiлiк
|
Қазақстан
|
Шешiм
|
|
|
|
|
|
|
Жоғарыдағы ұсынылған мәлiметтердi растау
Мен осы өтiнiштегi ақпаратты тексергенiмдi, оның дұрыс және толық екендiгiн растаймын және мен ұсынған өтiнiште бұрмалаушылықтар мен қателiктер табылған жағдайда мұның банктiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болу келiсiмiн алудан бас тартуға негiз болатынын мойындаймын.
Фамилиясы, аты жөнi_________________________________________________
(баспа әрiптерiмен)
Күні________________________________________________________________
Қолы________________________________________________________________
Банктiң және банк
холдингiнiң iрi қатысушысы
мәртебесiн иеленуге келiсiмдi
беру, қайтарып алу Ережесiне
2-қосымша
Банктiң/банк холдингiнiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие
болғысы келетiн өтiнiш берушi заңды тұлғаның басшы
қызметкерi туралы қысқаша мәлiметтер
____________________________________________________________________
(банктiң атауы)
1. Фамилиясы, аты-жөнi
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары) қызметi (қызметтерi)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының(дарының) мекен-жайы(мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6. Бiлiмi (бiлiктiлiк көтеру курсын қосқанда):
Түскен - аяқтаған
|
Оқу орнының атауы |
Мамандығы |
|
|
|
7. Еңбек қызметi туралы қысқаша түйiндеме:
Жұмыс кезеңi |
Жұмыс орны |
Қызметi |
|
|
|
8. Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы бар мәлiметтер:
Күні |
Сот
|
Соттың
|
Жаза түрі |
Қазақстан
|
Соттың
|
|
|
|
|
|
|
9. Қаржы, салық салу саласындағы әкiмшiлiк сыбайластық құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылуы туралы мәлiметтер:
Күні |
Әкiмшiлiк
|
Әкiмшiлiк
|
Әкiмшiлiк
|
Қазақстан
|
Шешiм
|
|
|
|
|
|
|
Жоғарыдағы ұсынылған мәлiметтердi растау
Мен осы өтiнiштегi ақпаратты тексергенiмдi, оның дұрыс және толық екендiгiн растаймын.
Фамилиясы, аты жөнi_________________________________________________
(баспа әрiптерiмен)
Күні________________________________________________________________
Қолы________________________________________________________________