Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 121 қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесі бекітілсін (осы қаулының 1-қосымшасы).
2. Осы қаулының
2-қосымшасында
көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және банктерге жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2006 жылғы 6 қаңтар
___________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
9 қаңтардағы N 9 қаулысының
1-қосымшасы
Банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер
жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесі
Осы Ереже " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Лицензиялау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны (бұдан әрі - лицензия) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Банкті ашуға рұқсат беру тәртібі
1. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары уәкілетті органға Банктер туралы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
2. Мұндайда, құрылтайшылар жөніндегі мәліметтерде мыналар болуы тиіс:
1) заңды тұлға - құрылтайшылар үшін:
осы Ереженің 1-қосымшасына сай мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі;
Банктер туралы Заңның
19-бабының
4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
2) жеке тұлға - құрылтайшылар үшін - осы Ереженің 2-қосымшасына сай мәліметтер.
3. Банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу ережесінің 1-қосымшасымен белгіленген нысанда жасалады.
4. Құрылтайшылар банкті Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен және шетелдің қатысуымен құрған кезде Банктер туралы Заңның 19-бабында белгіленген құжаттар тізбесіне қосымша Банктер туралы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
5. Банктің құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) барлық даналарының бірінші беті былайша куәландырылады: "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".
Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
6. Уәкілетті орган банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші соңғы қосымша ақпаратты немесе уәкілетті орган сұратқан құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтінішті қабылдаған күннен бастап алты айдан артық емес аралықта қарайды.
7. Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарлама банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
8. Банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы Заңның
24-бабында
көрсетілген негіздер бойынша жасалады.
Банкті ашуға рұқсат беру Банктер туралы Заңның
49-бабында
көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарылып алынады.
Банкті ашуға рұқсат беру, беруден бас тарту және қайтарып алу туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
3-тарау. Банкті ашу кезінде банктік операциялар
жүргізуге лицензиялар беру тәртібі
9. Банктер туралы Заңның
26-бабының
2-тармағының талаптарын орындаған кезде уәкілетті органға лицензия беру туралы еркін нысандағы өтінішті бере отырып, оған мыналарды қоса береді:
1) лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжатты (төлем тапсырмасы);
2) банктің жарғылық капиталының бастапқы төлемдерін растайтын төлем құжаттарының көшірмесін (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері);
3) Банктер туралы Заңның
30-бабының
11-тармағының 9) тармақшасымен және 2-тармақтың 5), 9)-12) тармақшаларында көзделген банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысын.
10. Уәкілетті орган лицензияларды осы Ереженің 3 және 4 қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша береді.
11. Лицензияларды қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
белгіленген негіздемелер бойынша жасалады. Банк лицензияларды қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
1) лицензияларды қайта ресімдеу туралы өтінішті;
2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжатты;
3) банктің атауының өзгергендігін куәландыратын құжат (лицензияларды қайта ресімдеу банктің атауының өзгеруіне байланысты болған жағдайда).
Уәкілетті орган банк тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күн ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
12. Уәкілетті орган осы Ереженің 5, 6 және 7 қосымшаларына сай нысан бойынша берілген, қайта ресімделген, уақытша тоқтатылған және қайтарып алынған лицензиялар бойынша тізілім жүргізеді.
13. Уәкілетті орган банк лицензияны жоғалтып алған жағдайда банктен жазбаша өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияның дубликатын береді.
14. Уәкілетті орган барлық қажетті құжаттары бар лицензия беру туралы өтінішті Банктер туралы Заңның 26-бабында көзделген мерзімде қарайды.
4-тарау. Банктік операциялардың қосымша түрлерін
жүргізуге лицензия беру тәртібі
15. Банк Банктер туралы Заңның
26-бабының
2-1-тармағының талаптарын орындау кезінде банктік операциялардың қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін бір мезгілде лицензия беру туралы өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) банк Банктер туралы Заңның
30-бабының
11-тармағының 9) тармақшасының және 2-тармағының 5), 9)-12) тармақшаларымен көзделген банктік операцияларды жүргізу талаптары бойынша осы Ереженің 9-тармағының 3) тармақшасының талаптарының орындалғанын растайтын;
2) банктік операциялардың қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптары мен рәсімдерін белгілейтін;
3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын (төлем тапсырмасы).
16. Уәкілетті орган банкке операциялардың қосымша түрлеріне лицензия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда банкке оған қосымша операцияларды қоса отырып жаңа лицензия беріледі. Банктік операцияларды жүргізу жөніндегі осының алдындағы лицензия уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.
5-тарау. Банкке барлық және жекелеген банктік
операцияларды жүргізуге берілген лицензияны тоқтата
тұру немесе қайтарып алу
17. Уәкілетті орган барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруды не қайтарып алуды банктер туралы Заңның 48-бабында көзделген негіздемелердің кез-келгені бойынша жасайды.
18. Уәкілетті орган барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензиялардың қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрады.
Уәкілетті орган барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияны тоқтата тұру не қайтарып алуды осының алдында қолданылған банктер туралы Заңның
46-бабында
көзделген шектеулі ықпал ету шараларына қатыссыз жасайды.
19. Барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияны тоқтата тұру не қайтарып алу туралы уәкілетті органның шешімі банкке орындау үшін жіберіледі.
20. Лицензиясы тоқтата тұрылған банк ай сайын лицензияны тоқтата тұру туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың онына дейін анықталған жөнсіздіктерді жою жөнінде банк өткізген іс-шаралар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
21. Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген тазартылып өшірілген не қосып жазылған, сөздері сызылған құжаттарды қарауға қабылдамайды.
22. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
1-қосымша
Құрылтайшы туралы мәліметтер
(заңды тұлға)
______________ 200__ жылғы "___"_______________
(банктің атауы)
1. Құрылтайшы_______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
2. Банктің мекен-жайы_______________________________________________
____________________________________________________________________
(почтасының индексі, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу_______________________________________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, кім берген)
4. Қызметінің түрі__________________________________________________
____________________________________________________________________
(негізгі қызмет түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, резидент емесі болып
табыла ма (қажеттінің астын сызу)
6. Резидент емес құрылтайшының Қазақстан Республикасының
резидент банкінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсаты
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсетіп, осы құжаттың
көшірмесі қоса берілсін)
7. Құрылтайшы-ұйымның басшысы_______________________________________
____________________________________________________________________
(Фамилиясы, аты-жөні, туған күні, жылы)
8. Білімі___________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқу орнын, бітірген жылын, мамандығын көрсету)
9. Еңбек жолы туралы қысқаша түйіндеме______________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген уақыты)
10. Соңғы үш күнтізбелік жылда ұйымда (құрылтайшыда) ірі қаржы
проблемалары, оның ішінде банкрот болу, консервация, санация
болды ма____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(олардың пайда болу себептері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бұл мәселелерді шешу нәтижелері)
11. Банк құрылтайшысы акциялардың он немесе одан да көп
проценттерін тікелей немесе жанама түрде заңды тұлғалардың
жарғылық капиталын иеленетіні немесе қатысу үлесі бар екендігі
жөніндегі ұйымдарды көрсетіңіз:
1) ұйымның аты немесе орналасқан жері_______________________________
____________________________________________________________________
2) қызметінің түрі (қызмет түрлерін атаңыз)_________________________
____________________________________________________________________
3) осы ұйымның жарғылық капиталына қатысуы__________________________
____________________________________________________________________
Ұйым басшысының
қолы _________________ күні _________________
Мөр орны
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
2-қосымша
Сурет (3х4 см)
Құрылтайшы туралы мәліметтер
(жеке тұлға)
_______________ 200__ жылғы "___"____________________
(банктің атауы)
1. Құрылтайшы_______________________________________________________
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні)
2. Туған күні_______________________________________________________
3. Туған жері_______________________________________________________
4. Азаматтығы_______________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері______________________
____________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері__________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, қызметі______________________________________________
8. Телефон нөмірі (кодын көрсетіңіз, жұмыс және үй телефоны)
____________________________________________________________________
9. Білімі___________________________________________________________
____________________________________________________________________
(оқу орнын, бітірген жылын, мамандығын көрсетіңіз)
10. Еңбектегі қызметі туралы қысқаша түйіндеме
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
Қолы _______________ күні _______________
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Банктік және банктердің ұлттық валютамен жүзеге
асыратын өзге операцияларын жүргізуге
Лицензия
Лицензияның нөмірі ___ Берілген күні ___ жылғы "____" ____
__________________________________
банктің толық атауы
Осы лицензия ұлттық валютамен мынадай операциялардың түрлерін жүргізуге құқық береді:
1) банк операцияларын:_____________________
2) банк заңдарында көзделген өзге де операцияларды:__________
Лицензияны үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Алматы қаласы
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Банктердің банктік және ұлттық және шетелдік
валютамен жүзеге асыратын өзге операцияларын
жүргізуге
Лицензия
Лицензияның нөмірі ___ Берілген күні ___ жылғы "____" ____
______________________________________
банктің толық атауы, орналасқан жері
Осы лицензия ұлттық және шетел валютасында мынадай операциялардың түрлерін жүргізуге құқық береді:
1) банк операцияларын:_______________________
2) банк заңдарында көзделген өзге де операцияларды:_________
Банк Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық бақылау агентінің функциясын орындайды.
Лицензияны үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Алматы қаласы
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
5-қосымша
Банктердің банктік және ұлттық және шетелдік
валютамен жүзеге асыратын өзге операцияларын
жүргізуге берілген, қайта ресімделген лицензиялар
тізілімі
N |
Банктің
|
Банктің тұрған
|
Уәкілетті
|
Лицензия-
|
Ұлттық
|
Банктер
|
|
|
|
|
|
|
|
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
6-қосымша
Банктер жүзеге асыратын банктік және өзге
операцияларды жүргізуге берілген лицензияларды
тоқтата тұру тізілімі
N |
Банктің
|
Банк-
|
Лицензия-
|
Ұлттық
|
Лицензия-
|
Жүргізі-
|
Лицензия
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Банкті ашуға рұқсат беру,
cондай-ақ банктер жүзеге
асыратын банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге
лицензияны беру, тоқтата тұру
және қайтарып алу ережесіне
7-қосымша
Банктер жүзеге асыратын банктік және өзге
операцияларды жүргізуге берілген лицензияларды
қайтарып алу тізілімі
N |
Банктің
|
Банктің тұрған
|
Лицензия-
|
Ұлттық
|
Лицензия-
|
Жүргізілуіне
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
9 қаңтардағы N 9 қаулысының
2-қосымшасы
Өзінің күшін жойды деп танылған
нормативтік құқықтық актілер
тізбесі
1. "Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197
қаулысы
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3034 тіркелген);
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 220
қаулысы
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3740 тіркелген);
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 322
қаулысы
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3857 тіркелген).