Орал қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен аймақтарының шекарасы туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 17-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 26 сәуірде N 2927 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мемлекеттің жеке меншікке беретін жер учаскелерінің орналасқан орны, инженерлік жабдықталу деңгейі, абаттандырылуы, жер бедерінің құндылығы, қоршаған ортаның жағдайы және басқа да факторларға байланысты бағалау құнын анықтау үшін жер және Орал қаласы аймағының шекаралары үшін төлемақысының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 19 сәуірдегі
N 17-2 шешіміне қосымша

Орал қаласының жер учаскелері үшін
төлемақының базалық ставкаларына түзету
коэффициенттері мен аймақтарының шекарасы

Зона-
лар

Шекаралардың сипаттамасы

Базалық
ставкаларға
түзету коэффициенттері

І.

Солтүстік-батыстан Жайық
өзенінен өтетін темір жол
көпірінен темір жол жері
шекарасы бойынша Деповская
көшесі бойымен темір жол
арқылы өтетін бұрынғы N 1
автокөлік кәсіпорны
шекарасына дейін, оның батыс
шекарасы бойымен өтпелі
тоғанға дейін, Жайық
өзенінің ескі арнасы бойымен
Жайық өзеніне дейін және
оның жағалауы бойымен
Горький тоғанына дейін,
тоған бойымен Шаған өзеніне
дейін, Шаған өзені бойымен
Шаған өзенінен өтетін темір
жол көпіріне дейін

2,0

II.

Солтүстік-батыстан Шаған
өзенінен өтетін темір жол
көпірі арқылы жағалау
бойымен Орал қаласының
солтүстік шекарасы бойынша
Орал-Самара жолына дейін,
Шолохов көшесі бойымен
Циолковский көшесіне дейін,
Циолковский көшесі бойымен
темір жол жеріне дейін,
темір жол жері бойымен
батыста (Магистральная,
Локомотивная көшелері) Шаған
өзенінен өтетін темір жол
көпіріне дейін

1,75

III.

Солтүстік темір жол шекарасы
бойынша С.Датұлы көшесіне
дейін, одан әрі С.Датұлы
көшесі бойымен оңтүстікке
қарай батыс шекарасы бойынша
Жайық өзеніне дейін, Жайық
өзенінің жағалауымен оның
ескі арнасына дейін, оның
батыс шекарасындағы бұрынғы
N 1 автокөлік кәсіпорны
бойымен Деповская көшесіне
дейін, Деповская көшесімен
темір жол Депо ауданына дейін

1,6

IV.

Солтүстік Циолковский
көшесінің бұрышынан Шолохов
көшесі бойымен шығысқа қарай
Московская көшесінің -
бойымен, одан әрі жеке
құрылыстар шекарасы бойымен
оңтүстікке қарай темір жол
жеріне дейін Циолковский
көшесіне дейін. Циолковский
көшесі бойымен Шолохов
көшесіне дейін

2,0

V.

Солтүстікте Орал-Самара
жолынан қаланың солтүстігі
бойынша Солтүстік шығыстағы
көп қабатты тұрғын үйлерді
қоса және Желаев өндірістік
торабымен қаланың шығыс
шекарасы (Желаевты
қоспағанда) темір жол жері
бойымен солтүстік-шығыс
ауданындағы жеке құрылыстар
шекарасына дейін және осы
шекара бойымен Московский
көшесі бойымен Орал-Самара
тас жолына дейін

1,5

VI.

Солтүстіктен С.Датұлы
көшесінен темір жол жері
шекарасы бойымен Жайық
өзенінің аңғарына дейін,
оның жағалауындағы оңтүстік
және батыс шекараларындағы
Жайық өзені көпірінен
С.Датұлы көшелерінің бойымен
темір жол жеріне дейін

1,4

VII.

Деркөл поселкесі ауданында
Шаған өзенінен өтетін темір
жол бойымен қоса есептегенде
Зачаганск поселкесі жерлері
оңтүстікке қарай Анисино
өзені бойымен Жайық өзеніне
дейін, Жайық өзені бойымен
"Ізденіс" ЖШС жерінің
шекарасына дейін, Бортау
селосын қоса одан әрі қала
жерінің оңтүстік шекарасы
бойымен Орал ауылшаруашылығы
стансасының жеріне дейін,
одан әрі Орал
ауылшаруашылығы стансасы
жерінің шекарасы бойымен жол
торабына дейін

1,4

VIII.

ГРС-2 Цыган поселкесін,
"Белая казарма" ауданын,
Деркөл, Шаған өзендері
аңғарындағы жерді қосқанда
Деркөл поселкесінің жері 
Шаған өзені арқылы өтетін
темір жол көпіріне дейін

1,0

IХ.

Серебряково, Круглоозерное,
Бортау, Желаев
поселкелерінің жерлері басқа
да елді мекендері

0,6