Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14, 88, 105 -баптарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 470 , 473 -баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/118-ІІІ (2004 жылғы 28 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу N 2095, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 08 қаңтардағы N 2-3, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы N 3-4 сандарында жарияланған)
шешіміне
мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшадағы
5-тарау "Балұясы мен омарталарды орналастыру" мынадай редакцияда жазылсын:
5. Балұясы мен омарталарды орналастыру |
||
Орманды қысқа мерзімді пайдалану кезінде балұяны орналастыру |
100 кв.м |
44 |
Орманды ұзақ мерзімді пайдалану кезінде омарталарды орналастыру |
га |
4350 |