Шығыс Қазақстан облысының жер беті су көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлем ставкалары туралы

III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XI сессиясының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 11/158-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 11 маусымда N 2378 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің  454-бабына , Қазақстан Республикасы Су кодексінің  38-бабына ,   "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына  сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жер беті су көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлем ставкалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

      

       Сессия төрағасы

       Шығыс Қазақстан облыстық 
       мәслихатының хатшысы  

Шығыс Қазақстан облыстық 
мәслихатының 2005 жылғы 
      31 мамырдағы N 11/158-III 
шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының жер беті су көздерінің
су ресурстарын пайдалану үшін төлем ставкалары  

 

Арнаулы су пайдалану түрі 

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет, тиын/текше метр

  

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосумен, тиын/текше метр

  

Ауыл шаруашылығы, тиын/текше метр

  

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары, тиын/текше метр

  

Су көздерінен балық аулауды жүргізетін балық шаруашылығы, тұтынушылар, теңге/тонна

Өзен, көл, теңіз бассейндері

  

Гидроэнергетика, тиын/кВт сағаты

  

Су көлігі, тиын/т. шақырым

Ертіс өзенінің бассейні

 

3,74

 

10,79

 

3,02

 

3,02

 

76,37

 

1,15

 

0,43

Балхаш және Алакөл өзені мен көлінің бассейні

 

 

3,45

 

 

9,49

 

 

2,73

 

 

2,59

 

 

67,74

 

 

1,01

 

 

0,29