Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы  

Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы N 263-ІІІ шешімі Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда N 2454 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N№481 Су  кодексінінің  38 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңына  сәйкес және облыстық әкімияттың 2005 жылғы 10 қарашадағы N№312 "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы"»ұсынылған қаулысын қарап, облыстық мәслихат XVII сессиясында шешім етті :

      1. Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сай бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.  

       Облыстық мәслихат XVII
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

                                           Облыстық мәслихаттың
                                         2005 жылғы 30 қарашадағы
                                        N 263-III шешіміне қосымша 

           Каспий теңізінің және Жайық, Ойыл, Сағыз,
        Ембі, Қиғаш өзендерінің бассейіндерінің жер үсті
          көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін
                  төлем ставкаларының мөлшері

р/с

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлем нормативтері
(ставка)

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

тиын/текше.метр

4,31

2

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

тиын/ текше.метр

12,23

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/ текше.метр

3,45

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

тиын/ текше.метр

3,31

5
<*>

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

теңге/тонна

86,73

      Ескерту: Атырау облыстық маслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 318-III  шешімімен  өзгеріс енгізілді.