Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек беру Ережесiн бекiту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 215 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 15 сәуірде N 1578 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағындағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247  Заңының 20-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының 2004жылғы 24 желтоқсандағы "2005 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы" кезектегі он бірінші сессиясының N 2 шешімінің негізінде (2005ж. 28.01."Добрый вечер" газеті; 2005ж. 19.01. мемлекеттік тіркеу N 1447), қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек беру Ережесi бекiтілсін.
      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.Н.Кушталова) алушылардың жеке шоттарына қаражатта аудару әлеуметтік көмектің тағайындалуы арқылы қамтамасыз етсін.
      3. петропавл қаласының қаржы бөлімі(Г.И.Дорофеева) қала бюджетімен бекітіліп бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.

      Қала әкімі

"Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
арналған Ережесiн әлеуметтiк көмек
беру бекiту туралы Петропавл қаласы"
әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 23 наурыздағы
N 215 қаулысымен бекiтiлген

Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық
емделуге әлеуметтiк көмек беру ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер (бұдан әрi Ереже) азаматтардың жекелеген санаттарына емделуге (бұдан әрi әлеуметтiк көмек) жергiлiктi маңыздағы профилакторилерде санаторлық-курорттық емделуден өту үшiн азаматтардың жекелеген санаттарына әлуметтiк көмек беру тәртiбiн және жағдайларын айқындайды.
      2. Әлеуметтiк көмек жолдама сатып алуға, жергiлiктi бюджеттiң қаржы есебiнен ақшалай түрiнде көрсетiледi.

2. Әлеуметтiк көмек алу құқығы

      3. Әлеуметтiк көмек алуға азаматтардың мынадай санаттарының құқығы бар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатынасушылары мен оларға теңестiрiлген тұлғалар;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген тұлғалар;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген, басқа да тұлғалар.

3. Әлеуметтiк көмек тағайындауға жүгiну

      4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн, белгiленген үлгiдегi 1-шi қосымшаға сәйкес өтiнiшiмен, әлеуметтiк көмек алуға құқысы бар азаматтар Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне жүгiнедi.
      5. Өтiнiшпен бiрге мына құжаттарды қоса бередi:
      1) белгiленген үлгiдегi 2-шi қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      2) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы жөнiндегi дәрiгерлiк мекеменiң берген қорытындысы;
      3) осы санатқа жататынын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      4) арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушының мәртебесiн растау туралы, зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтың қалалық филиалынан алынған анықтама.
      5) жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiшiнде көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығына және шүбәсiздiгiне өтiнiш берушiнiң өзi жауапты.

4. Әлеуметтiк көмек тағайындау тәртiбi

      7. Әлеуметтiк көмектi тағайындау Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жанында құрылған комиссия арқылы iске асырылады
      8. Комиссия Петропавл қаласы шешiмiмен құрылады.
      9. Комиссия әлеуметтiк көмек алуға үмiткерлер арыздарын қарастырады, алушылар iстерiн қалыптастырады және әлеуметтiк көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда комиссия бас тарту себебiн жазбаша дәлелдейдi және арызданушыға құжаттарын қайтарады.
      10. Бас тартуға негiздеме болып табылатын мыналар:
      Осы Ережелермен айқындалатын, азаматтардың осы санатқа жататынын растайтын, шындыққа жатпайтын мәлiметтер берiлуi және талап етiлген құжаттардың жеткiлiксiздiгi.
      11. Әлеуметтiк көмек жылына бiр ретқана, әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар азаматқа, өтiнiшi тiркелген хронологиялық тәртiбiнде тағайындалады.

5. Әлеуметтiк көмектi төлеу тәртiбi

      12. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi берiлген құжаттар мен қабылданған шешiм негiзiнде әлеуметтiк көмек алуға үмiткерлердiң 3 данадан тiзiмдерiн жасайды, әлеуметтiк ведомосiн қалыптастырады және оларды екiншi деңгейдег iбанктерге ұсынады.
      13. Заңнамада белгiленген тәртiппен ақылы қызмет көрсетуге келiсiм жасалған банк, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң ұсынған ведомостерi негiзiнде алушылар алушылар жеке шотарына сомаларды кiрiгзедi.

6. Санаторлық-курорттық емделуге арналған
әлеуметтiк көмектi қаржыландыру

      14. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуiне арналған әлеуметтiк көмектi қаржыландырылуы "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек "007-000 функционалдық жiктеу коды бойынша сәйкес қаржылық жылға бекiтiлген қалалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.

Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
әлеуметтiк көмек беру Ережесiне
N 1-қосымша

Петропавл қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң
бастығы Н.Н.Кушталоваға

Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк
көмек беру туралы
ӨТІНІШ

ФАМИЛИЯСЫ_____________________________________

АТЫ___________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ__________________________________

МЕКЕН-ЖАЙЫ____________________________________

ТЕЛЕФОН НӨМІРІ_________________________________

ТӨЛҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ БАС КУӘЛІГІНІҢ НӨМІРІ_____

_________________________________________________

БЕРІЛГЕН КҮНІ_________________КІМ БЕРГЕН_________

СТН(РНН)_________________________________________

______________________________БАНК ФИЛИАЛЫНДАҒЫ

ЖЕКЕ ШОТ НӨМІРІ________________________________

Маған санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек беруiңiздi сұраймын.

Берiлген әлеуметтiк көмектi қатаң түрде арналуы бойынша пайдалануға мiндеттенемiн.

ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮНІ    ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ ҚОЛЫ

_______________________ ________________________

Өтiнiш берушi берген құжаттардың шүбәсiздiгiн растаймын:

_______________________________________________
(аты-жөнi, фамилиясы)                 (қолы)

Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
әлеуметтiк көмек беру Ережесiне
N 2-қосымша

Петропавл қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң
бастығы Н.Н.Кушталоваға

Ақшалай қаражаттарды аудару туралы
ӨТІНІШ

ФАМИЛИЯСЫ_________________________________

АТЫ_______________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ______________________________

МЕКЕН-ЖАЙЫ________________________________

ТЕЛЕФОН НӨМІРІ____________________________

ТӨЛҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ БАС КУӘЛІГІНІҢ НӨМІРІ_

___________________________________________

БЕРІЛГЕН КҮНІ_______КІМ БЕРГЕН__________

СТН(РНН)________________________________

____________________________БАНК ФИЛИАЛЫНДАҒЫ

ЖЕКЕ ШОТ НӨМІРІ___________________________

___________________________ банк филиалындағы менiң N_____________________ жеке шотымнан __________________________профилакторидың есеп шотына _________теңге мөлшерiндегi соманы аударуыңызды сұраймын

ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮНІ           ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ ҚОЛЫ

_______________________ ________________________