Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы он бiрiншi сессиясының "2005 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы" N2 шешiмiнiң (2005 ж.19.01-ғы N 1447 мемлекеттiк тiркеу; 2005 ж.28.01-ғы "Добрый вечер" газетi) негiзiнде, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.14 № 755 Қаулысымен
1. Қоса берiлген аз камтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтiк көмек беру жөнiндегi Ережелер бекiтiлсiн.
2. алынып тасталды - Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.14 № 755 Қаулысымен
3. Петропавл қаласының қаржы бөлiмi (Дорофеева Г.И.) қала бюджетiмен көзделiп бөлiнген қаржы шегiнде әлеуметтiк көмектi қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.14 № 755 Қаулысымен
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (Н.Н.Кушталова) алушылардың жеке шоттарына қаражат аудару арқылы әлеуметтiк көмектiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.14 № 755 Қаулысымен
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi
Қала әкiмдiгiнiң
2005 ж. 11 сәуірдеғі N 287
қаулысымен бекiтiлген
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан
студенттерге әлеуметтiк көмек беру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан студенттерге ақшалай түрде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Әлеуметтiк көмек алуға, Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттiк жалпы бiлiм алуға гранттар мен кредиттерге иегер болмаған Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
3. Осы Ережелерде мына мынадай ұғымдар пайдаланылады:
әлеуметтiк көмек-студенттердiң кәсiби оқуларын төлеу үшiн бағытталған, ақшалай төлем түрiндегi, халықты әлеуметтiк қорғаудың бiр түрi;
әлеуметтiк көмек көрсетуге құқығын анықтау - комиссия (бұдан әрi қалалық комиссия), мiндеттi түрде оның құрамына бiлiм беру бөлiмiнiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi, көшi-қон және демография басқарамасы өкiлдерiнiң енгiзiлуiмен, қала әкiмiнiң орынбасарының төрағалық етуiмен қала әкiмi жанында құрылатын комиссия.
алушы- мемлекеттiк жалпы бiлiм алуға гранттар мен кредиттерге иегер болмаған (күндiзгi оқу түрi бойынша) және жан басына шаққандағы табыстары ағымдағы жылға бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiштiң он еселiгiнен болып табылатын студент;
әлеуметтiк көмектi тағайындау бойынша, әлеуметтiк көмек көрсетуге студенттер контингентiн анықтау жөнiндегi және төлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырушы уәкiлеттi орган - Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi бөлiм);
төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган-банк операцияларының жеке түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi берген лицензиясы бар және аталған түрдегi банк қызметтерiн көрсетуге конкурсты ұтып алған екiншi деңгейдегi банк (бұдан әрi банк).
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Әкімиятының 2006.04.19 N 583 қаулысымен.
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау шарттары
мен тәртiбi
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн, бөлiмге мынадай құжаттар берiлу керек:
1) 1-шi қосымшаға сәйкес белгiленген түрдегi өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын, нотариалды бекiтiлген құжаттың көшiрмесi;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысы туралы анықтама;
5) нотариалды расталған бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi;
6) кешендi тестiлену нәтижелерi туралы нотариалды расталған белгiленген үлгiдегi сертификаттың көшiрмесi;
7) Солтүстiк Қазақстан облысының жоғары оқу орнымен оқыту туралы жасалған келiсiм-шарт;
Алушылар бұдан кейiн де әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн жүгiнгенде, жоғарыдағы көрсетiлген құжаттардан басқа, олар жоғары оқу орнының студенттерi болып табылатыны туралы растау-анықтама, сондай-ақ сынақ кiтапшаларын әкелу керек.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл каласының әкімдігінің 2007.03.05 N 276, 2007.06.14 № 755 Қаулыларымен.
5. Әлеуметтiк көмек алу үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқалары және көшiрмелерi түрiнде iс қағаздарын жинайтын бөлiмге тапсырылады, ол өтiнiш берушiлерден құжаттар жиынтығы толығымен түскен күннен бастап бес күн мерзiм iшiнде 2-қосымшаға сәйкес, әлеуметтiк көмек тағайындау немесе онан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын әлеуметтiк көмек көрсетуге құқығын анықтайтын қалалық комиссияға жiбередi.
6. Әлеуметтiк көмекттi тағайындау, осы мақсатқа қала бюджетiнде алдын ала қарастырылып бөлiнген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
7. Оң шешiм шығарылған жағдайда, бөлiм тарапынан хабардар болған алушылар банкте жеке шоттар ашады.
Тағайындаудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себептерi көрсетiлiп бөлiм өтiнiш берушiге құжаттарын қайтарады.
Әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тартуға мыналар негiз болып табылады: жоғары оқу орнына түскенi туралы бiле тұра жалған мәлiметтер және 4-тармақта көрсетiлген құжаттарда күмәндi мәлiметтер беруi.
8. Бөлiм екi данадан алушылардың тiзiм-ведомосiн құрастырады, бiреуiн банке жiбередi.
9. Банк, ақылы қызмет көрсетуге жасасқан келiсiм-шарт пен тiзiм-ведомостары негiзiнде алушылардың ашқан жеке шоттарына сомаларды аударады.
3. Әлеуметтiк көмек көрсетуге құқығын анықтау
жөнiндегi комиссия
10. Әлеуметтiк көмек көрсетуге құқығын анықтау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi Комиссия) аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттердiң кәсiби оқуларына төлем жасауларына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатымен құрылады.
11. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының конституциясын, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
12. Комиссияның мiндеттерi болып табылады:
әлеуметтiк көмектi алуға үмiткер тұлғалардың берген құжаттарын он күндiк мерзiмде қарау;
әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдау.
13. Комиссияның мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi мәлiметтер мен материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар.
14. Комиссия хатшыдан және үш мүшеден тұрады. Комиссияны төрағасы басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, Комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жүргiзедi және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершiлiк атқарады. Төраға болмаған жағдайда оның қызметiн орынбасары атқарады.
15. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткзiледi.
16. Келiп түскен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша, Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысына қарай Комиссия шешiм қабылдай.
4. Әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуы
17. Студенттерге әлеуметтiк көмек көрсету бойынша шығыстарды қаржыландыру "Жергiлiктi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек" 007-000 бағдарламасы бойынша, қала бюджетiнде осы мақсатқа алдын ала көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
18. алынып тасталды - Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.14 № 755 Қаулысымен
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан
шыққан студенттерге әлеуметтiк көмек
көрсету Ережелерiне 1-қосымша
Петропавл қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмiнiң бастығы
Н.Н.Кушталоваға
________________________________
мекен-жайының тұрғыны:
________________________________
________________________________
СТН___________________________
Паспорты (жеке басының куәлiгi)
________________________________
_________________________берiлген
(кiм берген)
________________________________
(қашан)
ӨТІНІШ
__________________________________ оқу мекемесiнде жоғары кәсiби
бiлiм алу үшiн, маған_______________________________________ теңге
сомасында әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды және _________________
____________________ банк филиалында ашқан _________________________
жеке шотқа аударуыңызды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
1) нотариалды расталған жеке басты куәландырушы құжатың көшiрмесi;
2) отбасының құрамы туралы анықтама;
3) отбасының табыстары туралы анықтама;
4) нотариалды куәландырылған бiлiм туралы құжатың көшiрмесi;
5) нотариалды куәландырылған кешендi тестiлеу нәтижелерi туралы белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк сертификаттың көшiрмесi;
6) Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк жоғары оқу орнымен оқыту туралы шарты;
7) осы жоғары оқу орнында оқитынымды растайтын анықтама;
8) сынақ кiтапшасының көшiрмесi.
200__жыл "___" _________
Қолы:
Аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан
шыққан студенттерге әлеуметтiк көмек
көрсету Ережелерiне 2-қосымша
Петропавл қаласы 200__жыл "___" _________
____________________________________________________________________
(елдi мекен, көшесi, үйдiң және пәтердiң N, телефоны)
_____________________________________________ мекен-жайында тұратын
азамат (азаматша)
____________________________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты, фамилиясы)
жоғары кәсiби бiлiм алу үшiн, әлеуметтiк көмектi тағайындау, тағайындаудан бас тарту туралы (керегiнiң асты сызылсын) ШЕШІМ
Берiлген отбасының табыстары туралы мәлiметтердi, кешендi тестiлеу нәтижелерi туралы мемлекеттiк сертификатты қарап, қалалық комиссия былай ШЕШТІ:
Азамат (Азаматша) __________________________________________________
жоғары оқу орнында оқуға төлеу үшiн
____________________________________________________ теңге сомасында
(жазбаша түрiнде)
әлеуметтiк көмек тағайындалсын.
___________________________________________________________________
________________________________________________ бас тартылсын
(бас тарту себептерiн көрсету)
Қолдары:
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi: