"Бала туғанда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек төлеудiң ережесiн бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 30 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 316 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 27 қаңтарда N 1607 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

Күшін жойған

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  N 213 Заңы 28 бабына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бала туғанда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек төлеудiң ережесiн бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы  N 30  қаулысына (2005 жылғы 5 ақпандағы тiркеу N 1494, 2005 жылғы    11 наурыздағы "Солтүстiк  Қазақстан" газетi, 2005 жылғы 11 наурыздағы "Северный Казахстан" газетi) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

      2 тармақ келесi редакцияда жазылсын:
      "2. 2005 жылдың 1 қаңтарынан 2005 жылдың 31 желтоқсаны аралығында (қоса алғанда) туған балаларға бала туғанда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек жоспардан тыс кiрiстер есебiнен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражатынан төленетiн болып айқындалсын. 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi