"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
N 148
Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
N 213
Заңының 28 бабына сәйкес облыс әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) облыстың коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға және мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктердi есептен шығару тәртiбi жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы N 178 қаулысына (тiркеу нөмiрi 1050, 2003 жылғы 7 қарашадағы, 2003 жылғы 24 қарашадағы "Солтүстiк Қазақстан", 2003 жылғы 24 қарашадағы "Северный Казахстан" газеттерiнде жарияланған):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Нұсқауда:
барлық текст бойынша "Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi департаментi" сөзi "(облыстық маңызы бар қала, аудан) облыс әкiмдiгiмен облыста мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқаруға өкiлдiк берiлген атқарушы орган" сөзiмен ауыстырылсын;
6 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Баланстық құны айлық есептеу көрсеткiшiнен 500 есе жоғары қозғалмайтын мүлiк объектiлерiн, көлiк қаражатын және мүлiктi есептен шығаруды облыс әкiмдiгiмен облыста мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқаруға өкiлдiк берiлген атқарушы органмен келiсiлгеннен кейiн жүргiзiледi;
2) "Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға беру Ережесiн бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 95 қаулысына (тiркеу нөмiрi 499, 2002 жылғы 14 қаңтардағы, 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Северный Казахстан", 2002 жылғы 8 ақпандағы "Солтүстiк Қазақстан" газеттерiнде жарияланған):
көрсетiлген қаулының 2 тармағында "Коммуналдық меншiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының департаментiне" (Ибраев) сөзi "Облыс әкiмдiгiмен облыста мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқаруға (облыстық маңызы бар қала, аудан) өкiлдiк берiлген атқарушы органына" сөзiмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ережеде:
"Коммуналдық меншiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының департаментi" сөзi "облыс әкiмдiгiмен облыста мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқаруға (облыстық маңызы бар қала, аудан) өкiлдiк берiлген атқарушы орган сөзiмен ауыстырылсын;
3 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын
"Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiн сатып алу құқымен жалға беру туралы әрi шешiмдi қабылдау айрықша облыс әкiмдiгiмен облыста мемлекеттiк коммуналдық меншiктi басқаруға өкiлдiк берiлген атқарушы органына берiледi".
2. Осы қаулы Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Облыс әкiмi