2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қаласы Әкімдігінің "2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 4/928 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 4/613 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 17 қазанда N 674 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 1/79 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007.01.16 N 1/79 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз).

      2005 жылдың 29-шы маусымында бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі N 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 649 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2004 жылдың 7 қарашасындағы Алматы қаласының Әділет Департаментінде N 627 болып тіркеліп, 2004 жылдың 14 қарашасындағы N 249 "Вечерний Алматы" және 2004 жылдың 12 қарашасындағы N 142 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған, 2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қаласы Әкімдігінің "2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 4/928 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген ипотекалық несие мен тұрғын үй құрылысының жинақтау қоры жүйесі арқылы баспанамен қамтамасыз ету Механизмінде:
      3-тармақтың 1 тармақшасы төмендегідей болсын:
      "1) тұрғын үйдің пайдалануға берілуіне 4 ай қалғанда бұқаралық ақпараттар құралдарында, қаланың аудандық әкімшіліктерінде, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда тұрғын үйлерді тарату тәртібі мен шарттары туралы хабарландырулар жасалынады";
      4-тармақтың 4, 5, 6 тармақшалары алынып тасталсын;
      5-тармақтың 1 тармақшасы алынып тасталсын;
      7-тармақтағы "3 (үш) жұмыс күннің ішінде" деген сөйлем "тұрғын үйді пайдалануға берілуден 2 ай бұрын" деп өзгертілсін;
      9-тармақ төмендегідей өзгертілсін:
      "9. Қарыз беруші тұрғын үйді пайдалануға берілуден екі ай бұрын азаматтардың төлем қабілеттігін анықтап, Тұрғын үй басқармасына қарыз алатын азаматтардың аты-жөндерін береді.";
      10-тармақ төмендегідей болып өзгертілсін:
      "10. Тұрғын үй басқармасы қарыз берушілерден азаматтардың төлем қабілеттіктері туралы хабарлама алғаннан кейін, 2004 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі N 923 қаулының 3 тарауында көрсетілген құжаттар бойынша деректерді көрсетіп тізім құрайды.
      Тұрғын үйге жекеменшік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы он жұмыс күннің ішінде заңда белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының азаматымен тұрғын үйді сатып алу-сату келісім шартын жасайтын мезгілдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Америка құрама Штаттары долларының құнын теңгеге шаққандағы курсы бойынша тұрғын үйдің құнын анықтап келісім шартқа отырады.
      Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік тіркеуден өтіп, бюджеттік алымдардың төленгенін растайтын және жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы заңда белгіленген тәртіп бойынша азаматтың атына осы тұрғын үйге құқын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, ал азамат Тұрғын үй басқармасы көрсеткен реквизиттер бойынша алғашқы жарна сомасын төлейді.
      Тұрғын үйге жекеменшік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін Тұрғын үй басқармасы құқықтық құжаттардың түпнұсқасын қарыз берушіге береді.";
      11-тармақ төмендегідей болып өзгертілсін:
      "11. Сатып алу-сату шартының барлық тармақтарын орындау мақсатында арыз иесі шартқа отыру кезінде өкілетті органға салық деректемелерін хабарлайды.".
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала Әкімінің орынбасары А.Сманқұловқа жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі        И.Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы               К.Тәжиева