Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы"
Заңының
7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 9 қыркүйектегі N 949 "Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтардың телефондарына абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы"
қаулысына
сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
:
1. "ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 20 қазандағы ХХVII-і сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй жәрдемінің көлемі мен көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі қайта бекітілсін.
2. ІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты кезектен тыс ХХVІІ-ші сессиясының 2003 жылы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы"
шешіміне
келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-ші тармақ келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
"Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтардың телефондарына абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына байланысты төленетін ақшалай өтемақы тұрғын үй жәрдемақысының құрамына кіреді. Абоненттік төлем тарифтерінің қымбаттауына байланысты төленетін өтемақы көтерілген төлемақының айырмасын тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну шығын сомасына қосу арқылы жүргізіледі";
2) 13-ші тармақ келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
"Абоненттік төлем тарифтері көтерілу бөлігінде тұрғын үй көмегінің мөлшері телефонның қымбаттаған абоненттік төлем айырмасынан аспауы тиіс";
3) 14-ші тармақтың екінші абзацында екі рет қайталанған "тұрғын үй жәрдемақысын" сөздері "тұрғын үй көмегін" сөздерімен алмастырылсын;
4) 15-ші тармақ үшінші абзацтан кейін келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
"қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті екендігін растайтын құжат көшірмесі (келісім-шарт немесе телекоммуникация қызметтеріне төленген түбіртектер);";
5) 17-ші тармақта "қызметтер үшін" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтері үшін" сөздерімен толықтырылсын;
6) 20-шы тармақта "тұрғын үй-коммуналдық қызмет" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтері" сөздерімен толықтырылсын;
7) 24-ші тармақтың төртінші абзацында "коммуналдық қызмет" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтер" сөздерімен толықтырылсын;
8) 29-шы тармақта "Алматы қаласының бюджеті" сөздері "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылған тәртіпте, мемлекеттік бюджеттің" сөздерімен алмастырылсын;
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне ие болады, жарияланған күнінен 10 күн өткенде қолданысқа енгізіледі, 2004 жылдың 9 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Тәжиев), Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Шамсутдиновқа жүктелсін.
ІІІ-сайланған Алматы
қаласының Мәслихатының
ХV-сессиясының төрағасы Т. Төлендиев
ІІІ-сайланған Алматы
қаласының Мәслихатының
хатшысы Т. Мұқашев