Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылы 15 сәуірдегі N 2/328 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы N 322 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы” қаулысын жүзеге асыру туралы” қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 07 қаңтардағы N 1/09 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 24 қаңтарда N 639 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 5/838 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.31 №   5/838 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 37-ші бабына сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:    
      1. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылы 15 сәуірдегі N 2/328 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 17 наурыздағы N 322 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы"  қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2004 жылы 29 сәуірде N 594 тіркелген, 2004 жылы 20 мамырда N 56 "Алматы Ақшамы" газетінде және 2004 жылы 27 мамырда N 100-102 "Вечерний Алматы" газетінде жарыққа шыққан) өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген, Алматы қаласына шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі Комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 2 Басқармасы бастығының орынбасары - Ирменов Марат Гатауллаұлы енгізілсін (келісімі бойынша),
      Алматы қаласының ішкі істер Бас басқармасы миграциялық полиция Басқармасы бастығының орынбасары - Бутунчинов Асхат Келісханұлы енгізілсін (келісімі бойынша);
      Комиссия құрамынан:
      А.С. Асанов шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі

      Әкімшілік хатшысы