Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысымен бекiтiлген (Павлодар облысының әдiлет басқармасында 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 болып тiркелген, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2004 жылғы 08 шiлдедегi N 80 сандарында жарияланған) аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармағындағы "2004 жылғы 2-тоқсаны" деген сөздер "тиiстi жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.
Облыс әкiмі Қ. Нұрпейiсов