Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
27-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiлiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5
қаулысына
(облыс әдiлет басқармасында 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 болып тiркелген, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 сандарында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармағындағы "2004 жылғы 5 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 10 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағы алынып тасталсын;
4-тармағындағы:
1-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi жерлерде еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес облыстың жоғары оқу орындарында оқуға арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiткерлерге iрiктеу жүргiзу жөнiндегi комиссиялар (бұдан әрi - үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi комиссиялар) құрылсын";
2-абзацтағы "2004 жылғы 4 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 15 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "2004 жылғы 9 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 19 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "2004 жылғы 15 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 23 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
Облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидалары мынадай мазмұндағы 9- тармақпен толықтырылсын:
"9. Әлеуметтiк көмек алушыны жоғары оқу орнынан шығарып жiберген жағдайда төленген әлеуметтiк көмек сомасын өндiрiп алынбайды".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов