Қазақстан Республикасының 2001 жылқы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңның
27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес, облыс мүгедектерiн әлеуметтiк қорғау мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
мүгедектерге санаториялық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi туралы нұсқаулығы;
мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығы бекiтiлсiн.
2. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi мүгедектерге санаториялық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер мен мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы берудi уақытында қамтамасыз етсiн.
3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi осы қаулыны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 4 сәуірдегі
"Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi
әлеуметтiк қолдау жөнiндегi
кейбiр мәселелер туралы"
N 110/3 қаулысымен
бекiтiлдi
Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөнiндегi
жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi
туралы Нұсқаулығы
1. Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру Бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар шешiмi бойынша облыс мүгедектерiне санаторлық-курорттық сауықтыру жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Санаторлық-курорттық жолдама және әлеуметтiк
төлемдер алуға құқығы бар мүгедектер санаттары
2. Санаторлық-курорттық жолдама және әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар мүгедектер санаттары:
1) еңбек жарақатын немесе өндiрiсте жарақат алған мүгедектерден басқа, медициналық мекемелердiң қорытындысы бойынша санаториялық - курорттық емделудi қажет ететiн мүгедектер;
2) бiреудiң көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектер;
3) еңбек жарақатын немесе өндiрiсте жарақат алған мүгедектерден басқа, жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқытуға жататын 1, 2, 3 - топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер.
3. Ұсыну тәртiбi, мөлшерлерi және мерзiмдерi
3. Нұсқаулықтың 2-тармағы 1)-тармақшасында көрсетiлген санаттағы мүгедектерге санаториялық - курорттық жолдамалар жылына бiр рет берiледi.
4. Әлеуметтiк төлемдер:
1) 6.2.256.003. "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" облыстық бюджеттiк бағдарламасының 101 кiшi бағдарламасына сәйкес бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жыл бойы ай сайын Нұсқаулықтың 2-тармағы 2)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн;
2) 6.2.256.003. "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" облыстық бюджеттiк бағдарламасының 105 кiшi бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарында бiр оқу жылында оқуын төлеу үшiн 85000 теңгеден аспайтын, арнаулы орта оқу орындарында оқуын төлеу үшiн 42000 теңгеден аспайтын құнын жартылай өтеу үшiн бiр жолғы төлем Нұсқаулықтың 2-тармағы 3)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн тағайындалады.
Осы әлеуметтiк төлемдер қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi ағымдағы айдың 25 күнiне дейiн ұсынған бiрiншi басшылары, бас бухгалтерi және орындаушы растаған тiзiмдер негiзiнде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiмен Халықтық банкi және "Қазпошта" акционерлiк қоғамы филиалдарындағы алушылардың жеке есеп шоттарына есептеу жолымен төленетiн болады. Тiзiмдер қажеттi құжаттарды қоса берген азаматтардың өтiнiштерi негiзiнде қалыптастырылады, олардың есебi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнде жүргiзiледi.
Ұсынған мәлiметтердiң растығы үшiн жауапкершiлiгi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жүктеледi.
5. Жоғарыда аталған мүгедектер санаттарына әлеуметтiк төлемдердi және әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн төлеу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) Нұсқаулықтың 2-тармағы 1)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн - мүгедектiң өтiнiшi, санаторлық - курорттық емделудiң қажеттiгiн растайтын медициналық мекемеден анықтама, мүгедектiгiн растайтын медициналық-әлеуметтiк сараптама анықтамасының көшiрмесi;
2) Нұсқаулықтың 2-тармағы 2)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн - жалғызiлiктi мүгедектiң өтiнiшi, жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектiң шеттен көмектi қажет ететiндiгiн растайтын медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысы, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi қызметкерi немесе қызметi жасаған жалғызiлiктiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы актiсi;
3) Нұсқаулықтың 2-тармағы 3)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн - мүгедектiң зейнеткерлiк шоты көрсетiлген өтiнiшi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН), жеке әлеуметтiк коды (ЖӘК), мүгедектiң оқуына арналған жоғары оқу орны немесе арнаулы орта оқу орнымен екi жақты келiсiмнiң көшiрмесi, мүгедектiгiн куәландыратын медициналық-әлеуметтiк сараптама анықтамасының көшiрмесi, мүгедектi жеке сауықтыру бағдарламасына туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысының көшiрмесi.
6. Жылына екi рет 1 шiлдеге және 1 желтоқсанға қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" 6.2.256.003 - облыстық бюджеттiк бағдарламасы бойынша әлеуметтiк төлемдердi және жеңiлдiктердiң басқа түрiн қамтамасыз ету үшiн мүгедектер саны туралы өтiнiмдердi ұсынады.
7. Нұсқаулықтың 2-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетiлген әлеуметтiк төлемдердi Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi төлейтiн болады. Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi ұсынған тiзiмдерi негiзiнде Халықтық банкi және "Қазпошта" акционерлiк қоғамы филиалдарындағы алушылардың жеке есеп шоттарына есептеу жолымен жүзеге асыратын болады. Қажеттi құжаттар негiзiнде санаторлық-курорттық жолдамалар берiлетiн болады.
8. Халықтық банкi (келiсiм бойынша) және "Қазпошта" акционерлiк қоғамы филиалдары Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiмен бiрлесiп есеп беретiн келесi айының 5-не қарай төленген жәрдемақы сомалары туралы салыстыру актiлерiн құрастырады.
9. Жыл сайын, оқу жылының басына қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне оқу оқитын мүгедек-студенттер және аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы студенттерге ақпаратты және тексеру актiлерiн бередi.
10. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi тоқсан сайын, есеп берiлетiн айының 10-на қарай, облыстық бюджеттен қаржыландырылу бойынша төленген сомалары жөнiнде Павлодар облысының қаржы департаментiне есеп бередi.
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 4 сәуірдегі
"Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi
әлеуметтiк қолдау жөнiндегi
кейбiр мәселелер туралы"
N 110/3 қаулысымен
бекiтiлдi
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын
отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу
тәртiбi туралы нұсқаулығы
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы (бұдан әрi - Жәрдемақы) тағайындау мен төлеу олардың 18 жасқа толғанға дейiн жүргiзiледi.
2. Жәрдемақы жәрдемақының басқа түрлерiн алуына байланыссыз тағайындалады және төленедi.
3. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң Комиссияларымен (бұдан әрi - Комиссия) түскен күнiнен бастап 10 күн iшiнде қаралады.
4. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш барлық ұсынған құжаттармен, сондай-ақ Жәрдемақы тағайындау туралы шешiмiмен Комиссия хаттамалары алушының жеке iсiнде сақталады.
5. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия өтiнiш берушiнi бас тартылған себебiн көрсетiп жазбаша түрде хабардар етедi.
6. Өтiнiш берушi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiн осы немесе басқа әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ықпал ететiн барлық өзгерiстермен таныстырып отыруға мiндеттi.
7. Жәрдемақы төлемi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
8. Жәрдемақы төлеу жөнiнде дау туған жағдайда, мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгiленген тәртiпте шешiледi.
9. Жәрдемақы ата-анасының бiреуi немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi бойынша тағайындалады.
10. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш ата-анасының бiреуi немесе оның орнындағы адаммен жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне берiледi.
11. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу және оқыту қажетi туғанда жәрдемақы облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңестiң берген қорытындысы негiзiнде бiр жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленiп отырады.
12. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу және оқыту қажетi туғанын анықтаған күннен бастап, жәрдемақы тағайындау мен төлеудiң мерзiмi бiр жыл болады.
13. Жәрдемақы тағайындау мен төлеуге мерзiмi бiткенге бiр ай қалғанда мiндеттi түрде құжаттар жаңартылады.
14. Жәрдемақы тағайындау үшiн мынадай құжаттар ұсыну қажет:
1) онда банктiң атауы мен есеп шоты көрсетiлген ата-анасының бiрiнiң, немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi;
2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
3) облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң берген қорытындысы;
4) дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның хаттама үзiндiсiнiң көшiрмесi;
5) медициналық-әлеуметтiк сараптама анықтамасының көшiрмесi;
6) отбасы құрамын растайтын құжат (тоқсан сайын);
7) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
15. Жәрдемақы бiрiншi рет тағайындалғанда, өтiнiш берген күннен бастап төленедi.
16. Жәрдемақы өткен тоқсанға 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
17. Тоқсан сайын есеп беруден кейiнгi айдың 1 күнiне қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi "үйде тәрбиеленiп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" 256003104 облыстық бюджеттiк бағдарламасы бойынша әлеуметтiк төлемдер қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаражат туралы өтiнiмдердi облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне бередi.
18. Осы әлеуметтiк төлемдер қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi ағымдағы айдың 25 күнiне дейiн ұсынған, бiрiншi басшылары, бас бухгалтерi және орындаушы растаған тiзiмдер негiзiнде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiмен Халықтық банкi (келiсiм бойынша) және "Қазпошта" акционерлiк қоғамы филиалдарындағы алушылардың жеке есеп шоттарына есептеу жолымен төленетiн болады. Тiзiмдер қажеттi құжаттарды қоса берген азаматтардың өтiнiштерi негiзiнде қалыптастырылады, олардың есебi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнде жүргiзiледi.
19. Алушының уақытында талап етiлмеген Жәрдемақы сомалары төлем тоқтатылған тоқсан iшiнде қайта төленетiн болады.
20. Алушылар дұрыс емес мәлiметтi ұсынғанның, жәрдемақы төлеуге байланысты жағдайларды жасырғанның салдарынан артық төленген сомалар алушыдан заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылып алады.
21. Артық төленген сомалар жөнiндегi берешектi толық жойғанға дейiн Жәрдемақы төлемi тоқтатылған жағдайда, жәрдемақы Комиссия шешiмi негiзiнде ұсталынады, қалған берешек сот арқылы алынады.
22. Басқа себептерге байланысты төленген артық жәрдемақы сомалары, кiнәлi адамдардан заңнамамен белгiленген тәртiпте өндiрiлiп алынады.
23. Халықтық банкi (келiсiм бойынша) және "Қазпошта" акционерлiк қоғамы филиалдары Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiмен бiрлесiп есеп беретiн келесi айының 5-не қарай төленген жәрдемақы сомалары туралы салыстыру актiлерiн құрастырады.
24. Ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк қалалық мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жүктеледi.
25. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi тоқсан сайын, есеп берiлетiн айының 10-на қарай, облыстық бюджеттен қаржыландырылу бойынша төленген сомалары жөнiнде Павлодар облысының қаржы департаментiне есеп бередi.