Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберген азаматтарға тегін немесе жеңілдіқпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы

Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 227 шешімі. Қостанай облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 11 қазанда N 3510 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы  1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, 2003 жылғы 4 шілдедегі N 430 "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына  сәйкес, "253-016 азаматтарға елді-мекеннің сыртына емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету" облыстық бюджет бағдарламасының орындалуына бақылау жұмысын жергізу мақсатында 
      Қостанай облыстық мәслихаты  ШЕШТІ

      1. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емдеуге жіберілген Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын дәрежесі бар тұлғаларға, Қазақстан Республикасында тұрғылығы бар және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтықтары жоқ тұлғалар мен шетелдіктер үшін, егер отбасының орташа айлық табысының жиынтығы белгіленген кедейшілік шегінен төмен болса, тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді беру түрінде (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек белгіленсін.
      Әлеуметтік көмектің аталған түрі отбасының табысына қарамастан азаматтардың
төмендегі санаттарына көрсетіледі:
      18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамдар;
      1,2,3 топтағы мүгедектер;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер;
      Чернобыль атомдық энергостанциясы және басқа ядролық және басқа ядролық апаттардан зардап шеккендерге;
      жасанды иммунды тапшылық вирусы жұққан немесе осы аурумен ауыратындарға;
      онкология (қатерлі ісіктер), гематология ауруларымен ауыратындарға;
      диабет ауруларына (қантты, қантсыз);
      ішкі органдарды (жүрек, бүйрек, бауыр және басқа) көшіріп отырғызу және жүрек қақпақшасын протездеу (антикоагулянты) операциясына жіберілген тұлғаларға;
      миокард инфарктты ауруларына (бірінші алты айда);
      туберкулезбен ауыратындарға;
      Семей сынау ядролық полигонында зардап шеккендерге;
      екіқабат әйелдерге.

      2. Сонымен қатар әлеуметтік көмек, егер дәрігерлік-кеңестік комиссияның тұжырымында ауруды алып жүру қажеттілігі көрсетілсе, ауруды алып жүру қажеттілігі көрсетілсе, ауруды алып жүрген бір адамға беріледі. 
      Аталған жағдай 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, жасөспірімдерге тарамайды, өйткені әлеуметтік көмек ауру балаға, оны алып жүрген ата-ананың біреуіне, асырап алушыға, қамқоршыға, және басқа жақын туысына беріледі. "Жақын туыс" деген ұғым Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңына сәйкес анықталады. 

      3. Әлеуметтік көмек темір жолмен, әуе немесе жолаушы көлігімен (таксиден басқа) кету стансасынан көрсетілген көліктердің бірімен емдеу-профилактикалық мекемелеріне дейінгі жол жүру құжаттарының негізінде (бару және қайту) 100 пайыз көлемінде көрсетіледі.
      Темір жол, әуе, жолаушы көлігі жүретін станса (вокзал) арыз берушінің тұратын елді мекеннен қашық болса, кететін жерге жету керек болса, жалпы пайдаланымдағы темір жолмен немесе автокөлікпен (таксиден басқа) жүрген құжат болған жағдайда, жол жүру күні 100 пайыз  көлемінде төленеді.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету "Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - денсаулық сақтау департаменті) жүктелсін.
      Әлеуметтік көмек көрсету жасаған тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, есептеп, ай сайын Қостанай облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.

      5. Емделуге байланысты емес жол шығын есесі өтелмейді.

      6. Денсаулық сақтау департаментінде берілген шешімді азаматтардың әлеуметтік тиісті іс-шаралар қабылдау жолымен жүзеге асыру ұсынылсын.

      7. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 167 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (2002  жылғы 7 ақпандағы мемлекеттік тіркеудің нөмірі 1213).

      8. Осы шешімге бақылау жүргізу жұмысы облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Қостанай облыстық мәслихатының кезекті,
      тоғызыншы сессиясының төрайымы

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы