Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы N 13/233 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 319 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 6 қантарда N 1935 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  11-бабы 3) тармағына сәйкес, облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТЕДІ  және облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұдан әрі есеп деректерінен шығарылып, облыстың халық аз қоныстанған мына ауылдық елді мекендері жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына кіргізілсін:

      1) Бейнеу ауданы бойынша:
      Қызылту - Ақжігіт селолық елді мекеніне;
      Сарша - Сыңғырлау селолық елді мекеніне;

      2) Маңғыстау облысы бойынша:
      Сауысқан - Ұштаған селолық елді мекеніне;
      Өгізөреулі - Жармыш селолық елді мекеніне;

      3) Түпқараған ауданы бойынша:
      Қаңға - Қызылөзен селолық елді мекеніне.

      2. "Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 30 мамырдағы N 11/205 шешімі және облыстық әкімияттың 2005 жылғы 26 мамырдағы N 167 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы