Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, 1999 жылғы 16 қарашадағы N 476-1 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы N 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы" (Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде N 1205 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінің 2004 жылғы 28 ақпандағы N 13 санында жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережеде:
1 тарауда:
1 тармақта "Заңдарына" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;
3 тармақта "коммуналдық" деген сөздің алдында "Қалалық телекоммуникациялық желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс және" деген сөздермен толықтырылсын;
6 тарау 21 тармағымен толықтырылсын:
"21. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемнің арттырылуына өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады."
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджет, жергілікті салық және қала шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың
ХIІІ-сессиясының төрағасы: Р.Сейдалиев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: Т.Несіпбай
Келісілді:
Талас аудандық
телекоммуникация
торабының бастығы Дүйсебаев Бақытжан Бейсенбекұлы