Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысымен бекітілген "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын" одан әрі жүзеге асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы негізінде және облыстық бюджетті орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 13 маусымдағы "Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуі және жол ақысына жеңілдік берудің Ережесін бекіту туралы" N 76 қаулысына (N 1013 тіркелген және облыстық "Ақ жол" газетінде 2003 жылғы 19 шілдеде, облыстық "Знамя труда" газетінде 2003 жылғы 17 шілдеде жарияланған, Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 167 қаулысымен өзгерістер енгізілген, N 1412 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған қаулының 2 тармағындағы "Облыс Әкімінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Т.Тұрашев)" сөздері "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Д.Қарабалаев)" сөздерімен ауыстырылсын;
2) қаулының 3 тармағындағы "Облыс Әкімінің қаржы басқармасы (Б.Аманбеков)" сөздері "Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті (Б.З.Иманәлиев)" сөздерімен ауыстырылсын;
3) Ереженің кіріспе бөліміндегі ""Жергілікті өкілетті орган шешімімен жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу"" сөздері ""Мүгедектерді жергілікті деңгейде әлеуметтік қолдау"" сөздерімен ауыстырылсын;
4) Ереженің 1 тармағындағы "(жылына 1 рет)" сөздерінен кейін "30 күнтізбелік мерзімге" деген сөздерімен толықтырылсын;