Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Алматы облысының Әкімдігінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 165 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 08 тамызда N 1941 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы"  Заңының  14 бабыны сәйкес, облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің ошақтарын жою және оқшаулау жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс Әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
      Облыс аумағында жалпы көлемі 244,5 мың гектар болатын карантиндік объектілердің түрлері бойынша аудандар (қалалар) шеңберінде 1 қосымшаға сәйкес карантиндік тәртіп жариялай отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
 
      Облыс аумағында карантиндік аймақ енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
 
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Н.С. Айтуғанов), облыстың ауыл шаруашылығы департаменті (Ж.Б. Балтабеков), аудандар және қалалар әкімдері осы қаулының орындалғаны туралы облыс Әкімдігіне жыл сайын, 25 қыркүйек пен 30 желтоқсанға ақпарат тапсырсын.
 
      Облыс Әкімдігінің 2005 жылғы 01 маусымдағы "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" 130 қаулысы жойылсын.
 
      Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә.Ә.Тойбаевқа жүктелсін.

 
      Облыс Әкімінің
      міндетін атқарушы           В. Долженков

      

Облыс Әкімдігінің
2005 жылғы 20 шілдедегі
"Облыс аумағында карантиндік аймақ
белгілеу туралы" N 165 қаулысына
N 1 қосымша

 
Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестерін
жоюға арналған карантиндік аймақ
көлемі
 

Аудан
дар

Барлық
залал
данған
жер
көлемі (га)

соның ішінде карантиндік объектілердің түрлеріне шаққанда

кали
форниялық
қал
қаншалы
сымы
ры

американ
дық
ақ
көбе
лек

Комс
ток
құрты

шығыс
жеміс жемірі

жусан
жапы
рақты
ойран
шөп

жата
ған у кекіре

сары
шыр
мау
ық

1

Алакөл

21005

 

 

 

 

 

20000

1005

2

Ақсу

22295

 

 

 

 

 

21715

580

3

Балқаш

1680

 

 

 

 

 

-

1680

4

Еңбекші
қазақ

51736

762

221

 

445

1565

28039

20704

5

Ескелді

5750

 

 

 

 

 

2550

3200

6

Жамбыл

3925

 

 

 

 

 

3460

465

7

Іле

5120

64

456

 

 

300

2600

1700

8

Қарасай

8043

422

150

 

235

209

3946

3081

9

Қаратал

11838

 

 

 

 

 

7945

3893

10

Кербұ
лақ

48659

 

 

 

 

 

48505

154

11

Көксу

22075

 

 

 

 

 

13535

8540

12

Панфи
лов

6521

249

 

121

346

 

4300

1505

13

Райым
бек 

4230

 

 

 

 

 

3950

280

14

Сарқан

13040

 

 

 

 

 

12000

1040

15

Талғар

14527

276

342

 

86

1880

9777

2166

16

Ұйғыр

1150

 

 

 

 

 

650

500

17

Текелі қ-сы

 

 

 

 

 

 

 

 

18

Талды
қорған қ-сы

2865

 

 

 

 

 

925

1940

19

Қапшағай қ-сы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНТЫ
ҒЫ: 

244459

1773

1169

121

1112

3954

183897

52433

 
      
       Қазақстан Республикасы
      Ауыл шарушылығы министрлігі
      Алматы облыстық аумақтық
      басқармасының бастығы                Н. Айтуғанов

      

Облыс Әкімдігінің
2005 жылғы 20 шілдедегі
"Облыс аумағында карантиндік аймақ
белгілеу туралы" N 165 қаулысына
N 2 қосымша

 
Алматы облысы аумағында
карантиндiк аймақ енгiзу жөнiндегi
iс - шаралар жоспары   

 

Іс-шаралардың аталуы

Орындау мерзiмi

Орындауқа жауаптылар

1

Жер пайдаланушылар арасында карантиндiк тәртiпті және карантиндiк объектiлердi жою жөніндегі талаптарды қалтқысыз орындау міндеттері туралы ұйымдастырушылық - түсінік жұмысын қамтамасыз ету

үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, аудан, қала және ауылдық және кенттік округ әкімдері 

2

Карантиндiк iс-шараларды насихаттау:
1) химиялық күрес шараларын жүргiзу жөнiнде тұрғындарға хабарлау;
2) тұрғындармен әңгіме өткізу және консультация беру;
3) баспасөз бен теледидарда материалдар жариялау

үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, аудан және қала әкімдері 

3

Облыстың аудандары мен қалалары және елді мекендері аумақтарында, шекара маңындағы 3 километрлік аймақтағы алқаптарды, автомобиль жолдары жағалауларын қоса отырып, карантиндiк объектiлермен залалданған ошақтарды анықтау үшін тексеру жүргізу

вегетациялық кезеңде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы, карантиндік объектілермен залалданған жер иелері 

4

Карантиндік объектілерді жою шараларын жүргізу:
1) карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары;
2) карантиндік объектілерді механикалық жолмен жою

вегетациялық кезеңде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы, карантиндік объектілермен залалданған жер иелері 

5

Карантиндік объектілермен күрес жөнінде өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау мақсатындағы бақылап - тексеру жұмыстарын жүргізу

жою іс-
шаралары аяқтал
ғанда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы

6

Залалданған аумақтардың шекарасын, қосымша тексерулер жүргізу жолымен нақтылау

қазан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы

7

Ауылшаруашылығы өнімдерін залалданған аймақтардан алып шығу кезінде карантиндік қатаң бақылауды қамтамасыз ету, тасымалдайтын ыдыстарды, көлік құралдарын, жабық товар вагондары мен жүк автомашиналарын аэрозольдармен залалсыздандыру (қажетіне қарай)

үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы

8

Өсімдік қорғау жөніндегі химиялық құралдармен және химиялық өңдеуден өткізуге қажет қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз ету

химиялық өңдеу басталғанға дейін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасы, ауылдық және кенттік округ әкімдері 

      

       Қазақстан Республикасы
      Ауыл шарушылығы министрлігі
      Алматы облыстық аумақтық
      басқармасының бастығы                Н. Айтуғанов