Облыстық мәслихаттың 25.12.2003 ж. N 3-19 "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облыстық мәслихатының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 18-136 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 08 тамызда N 1940 тіркелген. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы N 12-72 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 07.12.2012 N 12-72 шешімімен.
      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      28.01.2004 жылы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу реестрінде 1467 нөмірімен тіркелген, 17.02.2004 жылы "Жетісу" газетінің 20-шы санында, 17.02.2004 жылы "Огни Алатау" газетінің 20-ші санында жарияланған Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19-шы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешімін, 2004 жылғы 24 мамырда құқықтық нормативтік актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде 1635 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 5-44 "Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19-шы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2004 жылғы 30 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде 1714 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 24 маусымдағы N 7-54 "Алматы облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-19-шы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдеріне төменгідей өзгерістер енгізілсін:
      N 2 қосымшадағы "Ескерту" алып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихатының
      сессия төрағасы                            М. Базарбаев

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    А. Сыдық