Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Алматы облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 18-133 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2005 жылғы 08 тамызда N 1939 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Су  Кодексінің  38 бабының  5 тармақшасының және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  Кодексінің  454 бабының 1 тармағына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      
      1. Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      
      2. Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2005 жылғы 26 мамырдағы N 17-122 шешімі жойылсын.
      
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
      
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 
      Облыстық Мәслихат
      сессиясының төрағасы        М. Базарбаев

      Облыстық Мәслихаттың
      хатшысы                    А. Сыдық
 

 

Алматы облыстық Мәслихаттың
2005 жылғы 1 шілдедегі N 18-133
Шешіміне қосымша
 

Алматы облысының жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы ставкалары

 

№ 

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшеу  бірліктері

Төлемақы ставкалары

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету

тиын/текше метр

3,45

2

Жылу энергетиканы қоса есептегенде, өнеркәсіп

тиын/ текше метр

9,49

3

Ауыл шаруашылығы 

тиын/ текше метр

2,73

4

Су көздерінен су алатын тоған шаруашылықтары 

тиын/ текше метр

2,59

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтың тұтынушылар

теңге/тонна

67,74

6

Гидроэнергетика 

тиын /квт.сағат

1,01

7

Су көлігі 

тиын/мың.  шақырым

0,29