"Хромтау-Алтынсарин" темір жолы бойындағы "Аққұдық" станциясының атауын "Көктау" деп өзгерту туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 180 шешімі мен Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 295 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылдың 25 тамызында N 3157 тіркелді

Қолданыстағы

       "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Хромтау аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Хромтау ауданындағы "Хромтау-Алтынсарин" темір жолы бойындағы "Аққұдық" станциясының атауын "Көктау" станциясы деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.
       2. Осы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

      Облыстық мәслихат                   Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы