Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11-баптарына сәйкес, Еңбекшілдер, Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Заозерный поселкесі Заозерное селосының категориясына көшірілсін.
2) Сандықтау ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
Лесное селолық округінің Крутые горки селосы;
Белгородское селолық округінің Профинтерн селосы;
Каменка селолық округінің Ключевка селосы;
жоғарыда көрсетілген басқа қоныстар тұрғындары:
Лесное селолық округінің Крутые горки қонысы Лесное селолық округінің Лесное селосының;
Белгородское селолық округінің Профинтерн қонысы Белгородское селолық округі Преображенка селосының;
Каменка селолық округінің Ключевка қонысы Каменка селолық округі Каменка селосының құрамына енгізілсін.
3) Шортанды ауданы бойынша:
Андреевка селолық округінің Новороменко селосы келесі тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын;
Елизаветинка селолық округінің N 38 разъезді, тұрғындары Елизаветинка селолық округінің Төңкеріс бекетінің құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын.
4) Атбасар ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
Ярославль селолық округінің Ждановка селосы;
Новосельское селолық округінің Людмиловка селосы;
Қаражар селолық округінің Үлкен Мойнақ селосы;
Садовый селолық округінің Пригородное және Смирновка селолары;
Шұңқыркөл селолық округінің Қайрақты селосы;
жоғарыда көрсетілген қоныстардың тұрғындары:
Ярославль селолық округінің Ждановка қонысы Ярославль селолық округі Радионовка селосының;
Новосельское селолық округінің Людмиловка қонысы Новосельское селолық округі Новосельское селосының;
Қаражар селолық округінің Үлкен Мойнақ қонысы Қаражар селолық округі Қаражар селосының;
Садовый селолық округінің Пригородное және Смирновка қоныстары Садовый селолық округі Садовое селосының;
Шұңқыркөл селолық округінің Қайрақты қонысы Шұңқыркөл селолық округі Шұңқыркөл селосының құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы