Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»
Заңының
11 бабына сәйкес, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, Ақкөл, Щучье, Ерейментау аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі
ШЕШІМ ЕТТІ
:
1. Ақмола облысының келесі елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Ақкөл ауданы бойынша:
Трудовое селосы Еңбек ауылына;
Трудовое селолық округі Еңбек ауылдық округіне.
2) Щучье ауданы бойынша:
Абылайхан ауылдық округіндегі Дорофеевка селосын Ақылбай ауылына;
Климовка ауылдық округіндегі Климовка селосын Атамекен ауылына;
Климовка ауылдық округіндегі Черноярка селосын Қаражар ауылына;
Боровое кентін Бурабай кентіне.
3) Ерейментау ауданы бойынша:
Благодатное селолық округін Олжабай батыр атындағы ауылдық округіне.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрайымы
Облыс әкімі