Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3 , 8, 11 баптарына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен өтінімі негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыстық әкімдік және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Жарқайың ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Мына елді мекендер өзге де қоныстар категориясына жатқызылсын:
Тасөткел селолық округінің Савиновка селосы;
Отрадное селолық округінің Шаңырақ селосы;
Бірсуат селолық округінің Балуанкөл селосы;
Гостелловское селолық округінің Дауылбай селосы;
Далабай селолық округінің Ақтөбе селосы;
Шалғай селолық округінің Шалғай селосы.
2) Жоғарыда аталған өзге де қоныстардың тұрғындары:
Тасөткел селолық округінің Савиновка қонысының тұрғындары Тасөткел селолық округі Тасөткел селосы тұрғындарының;
Отрадное селолық округінің Шаңырақ қонысы тұрғындары Отрадное селолық округінің Отрадное селосы тұрғындарының;
Бірсуат селолық округінің Балуанкөл қонысы тұрғындары Бірсуат селолық округінің Бірсуат селосы тұрғындарының;
Гостелловское селолық округінің Дауылбай қонысы тұрғындары Гастелло селолық округінің Гастелло селосы тұрғындарының;
Далабай селолық округінің Ақтөбе қонысы тұрғындары Далабай селолық округінің Далабай селосы тұрғындарының;
Шалғай селолық округінің Шалғай қонысы тұрғындары Шойындыкөл селолық округінің Шойындыкөл селосы тұрғындарының құрамына енгізілсін.
3) Тұрғындары көшіп кетуіне және кейбір елді мекендердің өзге де қоныстар категориясына жатқызылуына байланысты:
Шалғай селолық округінің Гагаринское селосы;
Западный селолық округінің Қызылтал селосы;
Шалғай селолық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын.
4) Маяк селолық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын, Костычево селолық округі оған Маяк селосын қосу арқылы Костычево, Донской селолары шекарасында өзгертілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрайымы
Облыс әкімі