"Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 тамыздағы N а-8/99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N А-5/176 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 17 маусымда N 3146 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасының Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын техникалық қадағалау ережесіне" сәйкес, авариялық, тозығы жеткен, құрылысы аяқталмаған ғимараттар мен тұрғын-үй, азаматтық және өндірістік құрылыстардың қирауына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әділет басқармасында 2002 жылғы 28 тамызда N 1282 тіркелген "Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 тамыздағы N а-8/99  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармағы мынадай мазмұнды 4-тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасы Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жайына техникалық қадағалау ережесі" баланс иелерінің назарына жеткізілсін;
      2) мына мазмұнды 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2) 2-1. Ақмола облысының сәулет құрылысты бақылау мемлекеттік басқармасы (Хамитов Т.Ж.) ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу кезінде орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының, сондай-ақ салынып жатқан объектілердегі атқарылатын құжаттарды рәсімдеудің сапасына бақылауды күшейтсін.
      3) 3 тармағы мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін

       Ақмола облысының әкімі