Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 5,11 баптарына сәйкес, Еңбекшілдер, Ақкөл, Ерейментау аудандарының әкімдігі мен аудандық мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Макин ауылдық округіндегі Сосновка селосы Қарағай ауылы деп;
2) Ақкөл ауданы бойынша:
Кеңес ауылдық округінің Гусарка селосы Домбыралы ауылы деп.
2. Ерейментау ауданының Тимофеевка мен Жолбасшы селоларының шекараларында жаңа құрылған селолық округ Ақмырза селолық округі деп аталсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы