Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N А-5/152 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда N 3132 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан  Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Ұлы Отан  соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Облыстық мәслихат сессиясының "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешімінің негізінде облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Азаматтардың кейбір жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуді ұсынудың қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  департаменті азаматтардың жекелеген санаттары үшін санаторлық-курорттық емдеуді   ұйымдастырсын.
      3. Ақмола облысының қаржы департаменті тиісті бюджеттік бағдарламаларды, осы мақсатқа бөлінген сомалар мөлшерінде, уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовқа жүктелсін.

       Облыс әкімі  

БЕКІТІЛГЕН 
Облыс әкімдігінің
04.05.2005ж. N а-5/152
қаулысымен

  Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну
ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну туралы осы Ереже (бұдан кейін - Ереже) оны ұсынудың тәртібі мен шарттарын регламенттейді.
      2. Санаторлық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасының келесі санаттағы азаматтарына ұсынылады: Ақмола облысының аумағында тұрақты тұратын және тұрғылықты жерінің емдеу мекемесінің дәрігерлік кеңес беру комиссияның (бұдан кейін - ДКК) қорытындысы бойынша санаторлық-курорттық емдеуді қажет ететін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтарға;
      2) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген азаматтар санаттарына;
      3) барлық санаттағы мүгедектерге;
      4) мүгедек балаларға. <*>
      Ескерту. 2 тармақ 4 тармақшамен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы  N А-12/357  қаулысымен.

  2. Санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну тәртібі мен шарттары

      3. Санаторлық-курорттық емдеуге жіберу үшін, осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтар Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне (бұдан кейін - уәкілденген орган) келесі құжаттарды тапсырады:
      1) қосымшада берілген үлгідегі өтініш;
      2) емдеу мекемесі ДКК-ның санаторлық-курорттық емдеуді қажет ететіндігі туралы, Қазақстан Республикасының санаторийі, профилакторийі, пансионаты көрсетілген қорытындысы; 
      3) жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) осы санатқа жататындығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
      4. Уәкілденген орган өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша санаторлық-курорттық емдеуге жолдама береді.
      5. Мүгедектерге сырқатына қарай арнайы жағдайлар жасау қажет болған жағдайда оларды арнайы санаторийлерде санаторлық-курорттық емдеудің ұйымдастырылуы мүмкін.
      6. Уәкілденген орган жыл сайын осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттарына, олардың өтініштері мен емдеу мекемелерінің ДКК-ның сырқатына байланысты санаторийі, профилакторийі немесе пансионаты көрсетілген қорытындысының негізінде санаторлық-курорттық емдеуді ұсынудың қажеттілігін анықтап отырады.

  3. Санаторлық-курорттық емдеуді қаржыландыру

      7. Уәкілденген орган мемлекеттік алдын-ала сатып алу туралы заңның негізінде анықталған қажеттілікке сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметін алдын-ала сатып алады.
      8. Осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеуді қаржыландыру облыстық бюджеттен "Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту" атты шығындардың бюджеттік классификациясының 06-2-256-003-105 коды бойынша осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.
      9. Осы Ереженің 2 тармағының 3 тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін санаторлық-курорттық емдеуді қаржыландыру облыстық бюджет қаржысынан қосымша "Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер"»атты шығындардың бюджеттік классификациясының 06-2-256-003-102 коды бойынша осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.

1 қосымша             
Азаматтардың  жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емдеуді  
ұсыну Ережесіне        

Ақмола облысының жұмыспен   
қамтуды және әлеуметтік   
бағдарламаларды        
үйлестіру департаментінің  
директорына         

ӨТІНІШ

Тегі________________________________________________
Аты_________________________________________________
Әкесінің аты________________________________________
Статусы_____________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________
Телефоны____________________________________________
Төлқұжат немесе жеке куәлігі
Нөмірі__________________берілген(қашан,кіммен)______
_________________________________________________________
Маған_______________________________________________
   (пансионаттың, профилакторийдің немесе санаторийдің атауы)
______санаторлық-курорттық емдеуге жіберуіңізді сұраймын.
(айы көрсетілсін)
      Емдеу мекемесінің ДКК-ның санаторлық-курорттық емделудің
қажет екендігі туралы қорытындысын қоса беріп отырмын.