Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Ережелерi туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 165/20-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 28 шілдеде N 403 тіркелді

Қолданыстағы

      Астана қаласы әкiмдiгiнiң ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелерi туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 5 тамызда тiркелген  N 340 , 2004 жылғы 20 қарашадағы "Астана хабары", 2004 жылғы 17 тамыздағы "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған), 2005 жылғы 17 ақпандағы N 122/16-III "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелерi туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылғы 18 наурызда тiркелген  N 380 , 2005 жылғы 2 сәуiрдегi "Астана хабары" және "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) шешiмiмен бекiтiлген Астана қаласы аумағында құрылыс салу Ережелерiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тараудағы 4-бөлiмнiң 12-тармағындағы "Объектiлердiң құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiмдердi шығару кезiнде" сөздерiнен кейiн "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен, объектiлердiң" сөздерiмен толықтырылсын.

      Астана қаласының мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы