Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы

Астана қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 4 шілдеде N 398 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  258  және  394-баптарына  сәйкес, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және ойын бизнесінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген жиынтық салығының ставкалар мөлшерін белгілеу туралы қалалық салық комитетімен ұсынылған материалдарды қарап, Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:
      1. Астана қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасы N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Астана қаласы бойынша тіркелген жиынтық салығының ставкалар мөлшері N 2 қосымшаға сәйкес салық салу объектілерінің бірліктерінен белгіленсін.
      3. Астана қаласы мәслихатының мынадай шешімдері күшін жойды деп саналсын:
      2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 126/26-ІІ "Тіркелген жиынтық салығының ставкалар мөлшерін белгілеу туралы" (Әділет департаментінде 2002 жылғы 21 қаңтарда тіркелген N 163, 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Вечерняя Астана" және 2002 жылғы 24 қаңтардағы "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған);
      2002 жылғы 2 мамырдағы N 163/30-ІІ "Тіркелген жиынтық салығының ставкалар мөлшерін белгілеу туралы" (Әділет департаментінде 2002 жылғы 27 мамырда тіркелген N 204, 2002 жылғы 15 маусымдағы "Вечерняя Астана" газетінде жарияланған);
      2002 жылғы 26 маусымдағы N 175/32-ІІ "Астана қаласы бойынша ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкалары туралы" (Әділет департаментінде 2002 жылғы 11 шілдеде тіркелген N 217, 2002 жылғы 18 шілдедегі "Вечерняя Астана" және 2002 жылғы 16 шілдедегі "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған).
      4. Осы шешім "Вечерняя Астана" және "Астана хабары" газеттерінде жарияланғаннан кейін, 10 күннен соң күшіне енеді.

       Астана қаласының
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ:

       Астана қаласы бойынша
      Салық комитетінің
      төрағасы

                                        Астана қаласы мәслихатының
                                         2005 жылғы 7 маусымдағы
                                          N 154/19-ІІІ шешіміне
                                                N 1 қосымша

          Астана қаласы бойынша ойын бизнесі
                объектілеріне акциздер
                      СТАВКАЛАРЫ

N р/с

Қызметтің
түрі

Салық
салу
объекті-
лері

Салық салу
объектісі-
нің бірлігі

Акциз
ставка-
сы бір
жылға

Акциз
ставка-
сы бір
айға

  

Ойын бизнесі
(лотереядан
басқа)

Ойын
үстелі

Бір ойын үстелі

732

61

  

Ақша ұтыс-
тарымен
ойын
автоматы

Бір ойын
автоматы

24

2

  

Букме-
керлік
кеңсе
кассасы

касса

96

8

 

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

                                        Астана қаласы мәслихатының
                                         2005 жылғы 7 маусымдағы
                                          N 154/19-ІІІ шешіміне
                                                N 2 қосымша

       Астана қаласы бойынша салық салу объектілері
        бірліктерінен тіркелген жиынтық салығының
                          СТАВКАЛАРЫ

N р/с

Салық салу
объектілері

Салық
салу
объекті-
сінің
бірлігі

Жылына
айлық
есептік
көрсет-
кіштегі
тіркелген
жиынтық
салығының
ставкасы

Бір айға
айлық
есептік
көрсет-
кіштегі
тіркелген
жиынтық
салығының
ставкасы

1.

Құмар ойындар
өткізуге арналған
ойын үстелдері,
мұнда ойын мекемесі
тарап ретінде өз
өкілдері арқылы
қатысады

Бір ойын үстелі

3240

270

2.

Құмар ойындар
өткізуге арналған ойын үстелдері, мұнда ойын мекемесі ұйымдастырушы (немесе) бақылаушы ретінде өз өкілдері арқылы қатысады

Бір ойын үстелі

3240

270

3.

Ақша ұтыстарымен
ойын автоматтары

Бір ойын автоматы

60

5

4.

Букмекерлік кеңсе
кассасы

Касса

252

21

5.

Ақша ұтыстарынсыз
ойын автоматтары

Бір ойын автоматы

36

3

6.

Боулинг (кегельбан)

Бір ойын жолы

864

72

7.

Бильярд

Бір ойын үстелі

144

12

8.

Лото ұйымдастырушы

Лото ұйымдастыру-
шы

552

46

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы