Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы

Астана қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ Шешімі. Астана қаласы Әділет департаментінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Бюджеттiк  кодексiне , "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес, алдағы уақытта қала бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТI:
      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының бюджетi қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      Астана қаласының
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілді:

      Астана қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      департаментінің директоры

Астана қаласы мәслихатының  
2005 жылғы 26 мамырдағы    
N 143/18-III шешiмiмен    
бекiтiлген        

Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк
көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының
ТІЗІМІ

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi.
      2. Жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген тұлғалар.
      3. Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн алқалары мен ордендерiмен марапатталмаған тұлғалар.
      4. 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерi.
      5. Он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар.
      6. Жасы және еңбек өткерген жылдар бойынша зейнеткерлер.
      7. Қарулы күштер құрылымдарының зейнетақы алушылары (Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Pecпубликалық гвардия).
      8. Қазақстан Республикасының алдында ерекше қызметтерi үшiн зейнетақы алушылар.
      9. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көпбалалы отбасылар.
      10. Қаланың қамқорлық, балалар үйiнiң түлектерi.
      11. Жалғыз ата-анасынан немесе ата-анасының екеуiнен айырылған жетiм балалар.
      12. Жұмыссыз азаматтар.
      13. Табыс жиынтығы кедейшiлiк шегiнен төмен аз қамтылған азаматтар.
      14. Саяси қуғын-сүргiн құрбандары.
      15. "Астана қаласының Құрметтi азаматы" атағы берiлген азаматтар.