"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы",
"Кемтар балаларды
әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы",
"Қазақстан
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы",
"Ұлы
Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру Қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
Әкiм
Әкiмнің бiрiншi орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiмнің орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
"Астана қаласының Қаржы
департаментi" мемлекеттiк
мекемесiнің директоры
"Астана қаласының Экономика
және бюджеттi жоспарлау
департаментi" мемлекеттiк
мекемесiнiң директоры
Құжаттамалық сараптама
бөлiмi меңгерушiсiнiң
мiндетiн атқарушы
"Астана қаласының Денсаулық
сақтау департаментi"
мемлекеттiк мекемесi
директорының мiндетiн атқарушы
"Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар департаментi"
мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры
Астана қаласы әкiмдiгінiң
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 3-1-148қ қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық
емделуге жолдамалар беру
ҚАҒИДАСЫ
Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беру Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi.
1. Қағида шипажайлық-курорттық емделуге (бұдан әрi - Жолдамалар) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын келесi азаматтардың санаттарына жолдамаларды ақысыз беру тәртiбiн анықтайды:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оған теңестiрiлген адамдарға;
3) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектерге;
4) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға.
2. Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтардың шипажайлық-курорттық емделуi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде келесi сырқат түрлерi бойынша жүзеге асырылады:
1) қан айналымы, жоғары тыныс алу жолдары, ас қорыту, зат алмасу жүйелерiнiң бұзылуы;
2) тiрек-қозғалу және қуық-жыныстық жүйелерiнiң бұзылуы;
3) жүйке жүйелерiнiң сырқаты;
4) көз органдарының сырқаттары.
3. Жолдама алу құқығы екi жылда бiр рет берiледi.
4. Шипажайлық-курорттық емделу мерзiмi 14 күнтiзбелiк күннен кем емес.
5. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жалақысының құнын төлеу Жолдама алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
6. Пайдаланылмаған шипажайлық-курорттық емделу үшiн ақшалай өтемақы төленбейдi.
7. Азаматтардың жекелеген санаттарын шипажайлық-курорттық емделу Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi әкiмгерi болып анықталған (бұдан әрi - Департамент) "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" бағдарламасының "Шипажайлық-курорттық емделу бойынша жеңiлдiктер" iшкi бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
8. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында Департамент тиiстi қаржылық жылға бөлiнген бюджеттiк қаражаттар шегiнде жолдамалар бередi.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы
заңнамаларына
сәйкес Департамент жыл сайын азаматтардың шипажайлық-курорттық емделуi бойынша қызмет жеткiзушiлермен шарттар жасасады.
Жеткiзушiлердi анықтау кезiнде Департамент Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген сырқат түрлерiн, жағдайын және емделуден өту мерзiмiн ескередi.
10. Азаматтардың жекелеген санаттарын шипажайлық-курорттық емдеудi қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады.
2. Жолдамаларды алуға қажеттi құжаттардың тiзiмi
11. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтар Жолдамаларды алуға белгiленген нысандағы өтiнiшпен (Қағидаға 1-қосымша) хабарласады және келесi құжаттарды (түпнұсқалар мен көшiрмелердi) ұсынады:
1) арызданушының жеке басын растайтын құжатты;
2) Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарын
растайтын құжатты;
3) мекен-жайы бойынша шипажайлық-курорттық емделуге қажеттiлiгi туралы медициналық мекеменiң қорытындысын;
4) медициналық-әлеуметтiк сараптама органдарымен берiлген (зейнеткерлiк жасқа келген мүгедектерден басқа) кәсiптiк және әлеуметтiк оңалту бойынша оңалту бағдарламаларының жеке картасын;
5) көшi-қон полициясы органдарынан мекен-жайы бойынша тiркелуi туралы анықтаманы немесе тұрғындарды есепке алу кiтабын.
Қажеттi құжаттары бар өтiнiштi қабылдағаннан кейiн арызданушыға арызданушының тiркелу нөмiрi мен мерзiмi көрсетiлген жыртылмалы талон берiледi.
3. Жолдамаларды ұсыну және беру тәртiбi
12. Департамент келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жыл сайын азаматтардың тiзiмiн жасайды және сырқат түрлерiне, айларға бөлiп, өтiнiштердiң кезек тәртiбiмен (тiркелу) Жолдамаларды ұсынады.
13. Арызданушы шипажайлық-курорттық емделуден өз еркiмен бас тартқан жағдайда Департамент Жолдаманы тiзiмге сәйкес басқа арызданушыға беруге құқылы.
14. Кезектен тыс Жолдамаларды алу құқығын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi пайдаланады.
15. Арызданушы Департаменттен шипажайлық-курорттық емделудiң басталуынан он күнтiзбелiк күннен кеш емес уақытта Жолдамасын алуға мiндеттi.
16. Департаменттiң бiрiншi басшысымен (немесе оның орынбасарларымен) қол қойып және мөрмен бекiтiлiп берiлген Жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегі, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.
17. Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес берiлген Жолдамалар нөмiрленген, байланған, Департаменттiң мөрiмен расталып жорналда ескерiледi.
18. Жеткiзушiлер Департаментке ай сайын шипажайлық-курорттық емделу аяқталғаннан кейiн емделуден өтушi тұлғалардың тiзiмi көрсетiлген атқарылған жұмыстардың актiсiн ұсынады.
19. Осы Қағиданы қолдану барысында туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiпте қаралуға жатады.
Астана қаласы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 3-1-148қ
қаулысымен бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген
санаттарына шипажайлық-
курорттық емделуге
жолдамалар беру Қағидасына
1-қосымша
Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар департаментiнің
директорына
________________________,
(әлеуметтiк мәртебесi)
________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
________________________
Телефон_________________
________________________
(арызданушының аты-жөнi)
ӨТIНIШ
Сiзден шипажай (пансионаты) шипажайлық-курорттық емделуге
____________________________________________________________________
(мекеменiң атауы)
сырқат түрлерi бойынша 200__жылдың_____________________________айына
жолдама беруiңiздi өтiнемiн.
Күні
____________________ (арызданушының қолы)
--------------------------------------------------------------------
(жыртылмалы талонның орны)
Департаменттiң қызметкерiмен толтырылады
Арызданушының аты-жөнi________________________________________
Арыз қабылданды 200__жылғы "__"____________________________________.
Есепке алуды тiркеу және арызданушыны тiркеу жорналында N__тiркелген.
Қабылдады________________________________ __________________
(қызметкердiң аты-жөнi, лауазымы) (қолы)
Астана қаласы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 25 ақпандағы
N 3-1-148қ
қаулысымен бекiтiлген
Азаматтардың жекелеген
санаттарына
шипажайлық-курорттық емделуге
жолдамалар беру Қағидасына
2-қосымша
Шипажайлық-курорттық емделуге берiлген
жолдамаларды есепке алу және тiркеу
ЖОРНАЛЫ
p/c
|
Аты-жөнi |
Мекен-жайы |
Әлеу-
|
Қайда жолда-
|
Келу кезеңi |
Берiл-
|
Жеке
|
|
|
|
|
|
|
|
|