"Астана қаласының аумағына құрылыс салу ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-ІІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 5 тамызда N 340 тіркеген) толықтырулар енгізу туралы

Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 122/16-ІІІ шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 18 наурызда N 380 тіркелді

Қолданыстағы

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"  Заңның  22-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп  ШЕШТІ:
      Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-ІІІ  шешімімен  бекітілген Астана қаласының аумағына құрылыс салу ережесі (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 5 тамызда N 340 тіркеген) мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14.1. Қала әкімдігі жобалау және (немесе) құрылыс салу мақсаттары үшін жер учаскесін беру туралы шешім қабылдағаннан кейін сәулет органы мен құрылыс салушының арасында жер учаскесін игеру туралы шарт жасасылады, онда келесі жағдайлар белгіленеді:
      1) жер учаскесін игеру мерзімі;
      2) жер учаскесінің игерілуін аралық бақылау мерзімі;
      3) құрылыс салушы жер учаскесін игеру графигін орындамаған жағдайда одан жер учаскесін (пайдалану құқығын) алып қою шарттары.
      Құрылыс салушының жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) алып қою шарттары оның құрылыс салуды жүзеге асыруда шеккен шығындарының орнын толтыруды қамтамасыз етуі тиіс.".

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы