Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4037

Жаңартылған

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшырған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       МИНИСТР

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі

      2005 жылғы 29 қараша

Қазақстан Республикасы   
Сыртқы істер министрінің  
2005 жылғы 28 қарашадағы   
N 08-1/361 бұйрығымен    
бекітілген           

  Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген
және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде
басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы
жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына
қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген
қаражатты пайдалану ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.
      Осы Ереженің күші Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге жүрмейді.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" атты ағымдағы бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешім қабылдайды.

      3. Қаржылай көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:
      1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу көліктік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);
      2) аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
      3) адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
      4) біржолғы материалдық көмек:
      тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
      тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
      бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда сатып алу (280 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);
      5) багажға жұмсалатын шығыстар, денені мәйітханада сақтағаны үшін шығыстарға ақы төлей отырып "200" (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың табыттарын және сауыттарын күлімен жөнелту) жүгін ресімдеу немесе келген мемлекетте жерлеу.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы  N 08-1/155   бұйрығымен .

  2. Қаржылай көмек көрсетуге бөлінетін республикалық
бюджет қаражатын пайдалану тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жазбаша өтінімдері негізінде және тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлеміне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге Қазақстан Республикасының шетелдегі тиісті мекемесіне қаражат бөледі.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері:
      1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі басшысының атына қаражатты бөлу қажеттілігінің негіздемесі бар Қазақстан Республикасы азаматының, туысқанының немесе өзге уәкілетті адамның паспорттық деректері, Қазақстан Республикасындағы тұратын мекен-жайы, тұрып жатқан мемлекеттегі орналасқан жері, құқыққа қайшы жасалған әрекеттердің жағдаяттары, өзге де мүмкін болған ақпарат көрсетілген өтініші;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекетке заңсыз әкелінуі және оларға қарсы бағытталған өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің (тонау, ұрлық, жыныстық қанаушылық және тағы басқа) немесе форс-мажорлы жағдайлардың болуы фактілерін растайтын орналасқан мемлекеттің уәкілетті органдары берген құжаттардың;
      3) келген мемлекеттің уәкілетті медициналық мекемесі берген зорлау фактісін (егер зорлау фактісі орын алған жағдайда) растайтын құжат.

      6. Осы ереженің 3-тармағында көрсетілген шығындар Қазақстан Республикасының тиісті шетелдегі мекемесінің қаржылай көмек көрсетудің мақсатқа лайықтылығы туралы қорытындысының негізінде жүзеге асырылады, ол шетелдегі мекеме басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

  3. Есептілік және бақылау

      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың пайдаланылуына бақылау жүргізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      8. Қаржылай көмек көрсету ішін қаражат алған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жұмсалған шығындар көрсетілген және оны растайтын құжаттар қосымшасымен бірге (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің басшысы немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығының, түбіртектер, есеп-фактуралар, жөнелтпе құжаттар көшірмелері және тағы басқа)  Қазақстан  Республикасы Бюджеттік кодексінің  122-бабына  сәйкес, аталған қаражаттардың пайдаланылуы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне есеп тапсыруға тиіс.

      10. Қаржылай көмек көрсетуге бөлінген қаражатты мақсатқа сай және тиімді пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.