"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлік меншік құқығы мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерін атестаттау және тіркеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 Бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2040 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2003 жылғы N 2 бюллетенінде жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
аталған Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерін атестаттау және тіркеу Ережесінде:
30-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) патенттік сенім білдірілген өкілдерді атестаттаған үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Тізілімге енгізілген деректер негізінде патенттік сенім білдірілген өкілді атестаттаған үшін
мемлекеттік баж
төленгенін растайтын құжат ұсынылған кезде Комитет патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік береді.".