Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 163 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4020. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 15-бабының в-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Министрі

      2005 жылғы

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық қылмысқа және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      күрес агенттігі (қаржы
      полициясы)
      Төрағасы 

      2005 жылғы 23 желтоқсан

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
2005 жылғы 12 желтоқсанда     
N 163 қаулысымен бекітілді    

  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын
сату және сатып алу
ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардан Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу тәртібін айқындайды.

      2. Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, Ұлттық Банктің филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (бұдан әрі - Ұлттық Банк орталығы), заңды және жеке тұлғаларға. Оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.

      3. Осы Ереже банкноталарды және айналыста жүретін монеталарды ұсақтау, тозған банкноталар мен ақаулы монеталарды айырбастау, сондай-ақ Ұлттық Банктік нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңды төлем құралы болып табылмайтын банкноталар мен монеталарға байланысты Ұлттық Банктің операцияларына қолданылмайды.

  2-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын 
негізгі ұғымдар

      4. Ережеде Ұлттық Банктік нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) инвестициялық монеталар - қымбат металдардан жасалған, инвестициялау, белгіленген құнынан айырмашылығы бар өзге құны бойынша жинау объектісі болып табылатын, Ұлттық Банк шығаратын және белгіленген құн бойынша заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта монеталары;
      2) коллекциялық монеталар - оларды жасаған кезде бедерлеудің күрделі технологиясы және/немесе осы монетаға тән сипат беретін көркем безендіру әдістері қолданылатын, белгіленген құнынан айырмашылығы бар өзге құны бойынша жинау, жинақтау мақсатында қызығушылық туғызатын, арнайы бедерленген мерейтойлық, ескерткіш және өзге де монеталар. Коллекциялық монеталар қымбат және қымбат емес металдардан дайындалады;
      3) айналыстағы монеталар - заңды төлем құралы болып табылатын және есеп айырысу мен ақша ұсақтау операциялары кезінде қолма-қол ақша айналысына арналған жай металдардың қоспасынан жасалған монеталар;
      4) капсула - монеталарды механикалық бүлінуден сақтайтын түссіз пластмасса орау;
      5) белгіленген құн - номиналы бойынша банкноталардың, монеталардың құны.

  3-тарау. Банкноталарды және айналыстағы монеталарды
сату және сатып алу

      5. Банкноталарды және айналыстағы монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сатуды Ұлттық Банктің филиалдары жүзеге асырады.

      6. Банкноталарды және айналыстағы монеталарды сату бағасы олардың көрсету құнына теңеледі.

      7. Банкноталарды және айналыстағы монеталарды сату мынадай касса құжаттары:
      1) Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы заңнамасына сәйкес берілген қолма-қол ақшаны алуға арналған чектер;
      2) төлем, касса және мемориалдық құжаттарды пайдалану тәртібін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша шығыс касса ордерлері негізінде жүргізіледі.

      8. Сату кезінде қолма-қол ақшаны беру тәртібі Ұлттық Банктің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен касса операцияларын жүргізу тәртібін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      9. Банкноталарды және айналыстағы монеталарды заңды және жеке тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары жүзеге асырады.

      10. Банкноталарды және айналыстағы монеталарды сатып алу бағасы олардың көрсету құнына теңеледі.

      11. Қолма-қол ақшаны сатып алу мынадай касса құжаттары:
      1) Ұлттық Банктің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен касса операцияларын жүргізу тәртібін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша қолма-қол ақша жарналарына хабарландырулар;
      2) төлем, касса және мемориалдық құжаттарды пайдалану тәртібін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша кіріс касса ордерлері негізінде жүргізіледі.

      12. Қолма-қол ақшаны сатып алу кезіндегі қабылдау тәртібі Ұлттық Банктің филиалдарындағы кассалық операцияларды жүргізу мәселелерін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

  4-тарау. Инвестициялық және коллекциялық
монеталарды сату

      13. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сатуды Ұлттық Банктің филиалдары қолма-қол ақшамен және қолма-қол жасалмайтын есеп айырысумен жүзеге асырады.

      14. Қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің қаулысымен белгіленеді.

      15. Қымбат металдан жасалған коллекциялық монеталарды сату бағасы капсуласыз номиналына тең болады. Қымбат емес металдан жасалған, капсуладағы коллекциялық монеталарды сату бағасына монетаның номиналы және капсуланың құны кіреді.

  5-тарау. Инвестициялық және коллекциялық
монеталарды сатып алу

      16. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары жүзеге асырады.

      17. Ұлттық Банк филиалының қымбат металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монеталарды қабылдаған кассирі сатып алуға арналған монеталарды қабылдау актісін (осы Ереженің 1-қосымшасы) екі данамен жасайды, олардың біреуі Ұлттық Банктің филиалында қалады, ал екіншісі монетаны тапсырған тұлғаға беріледі.

      18. Сатып алу үшін қабылданған, қымбат металдан жасалған монета монета жасалған металды анықтау, металдың сынамын және металдың монетадағы таза салмағын анықтау үшін сараптамаға жіберіледі.
      Сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы жүргізеді, ол сараптаманың нәтижесін монетаны сатып алу үшін қабылдаған филиалға жібереді.

      19. Сараптама монета жасалған металды және сынамын расталған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы ол қабылданған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей монетаны тапсырған тұлғаға сараптаманың қорытындысын жібереді және оған осы Ереженің 21-тармағына сәйкес монетадағы металдың салмағына тең соманы төлейді.

      20. Егер сараптамада монетаның басқа металдан жасалғаны немесе металл белгіленген сынамға сәйкес келмейтіні анықталса, Ұлттық Банктің филиалы осы факт туралы тиісті құқық қорғау органына хабарлайды.

      21. Қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алу бағасы монеталарды сатып алу үшін филиалға тапсырған күні тиісті қымбат металдардың Лондон қымбат металдар қауымдастығы (LBMA) белгілеген таңертеңгі фиксингі (бағасы) бойынша және теңгенің шетел валютасына Қазақстан қор биржасының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы бойынша айқындалады.

      22. Егер қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталардың осы Ереженің 21-тармағында сәйкес айқындалған сатып алу бағасы қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталардың номиналынан аз болса, сатып алу бағасы белгіленген құнға тең болады. Бұл жағдайда Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноталары мен монеталарының төлем қабілеттілігін айқындау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес оның төлем қабілеттілігін тексеру жүзеге асырылады.
      Қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды корреспонденттік шотқа тапсыру кезінде тапсырылатын монеталардың сомасы олардың белгіленген құны бойынша есепке алынады.

      23. Қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алу үшін қабылдау кезінде Ұлттық Банк филиалының кассирі Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноталары мен монеталарының төлем қабілеттілігін айқындау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актісіне сәйкес оның төлем қабілеттілігін тексереді.

      24. Қымбат емес металдан жасалған коллекциялық монетаны сатып ауыл бағасы оның белгіленген құнына тең болады.

      25. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке Қымбат металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату кезінде осы Ережені басшылыққа алады.

      26. Монеталарды сараптама жүргізу үшін Орталыққа жеткізу тәртібі және оны жүргізу тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

                                     Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                       Банкінің ұлттық валютаның
                                     банкноталары мен монеталарын
                                     сату және сатып алу ережесіне
                                               1-қосымша

            Монеталарды сатып алу үшін қабылдау
                            АКТІСІ

      __________ қаласы                  200__ жылғы "__" _______

      Осы акт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
___________________ филиалының кассирі __________________________ 
(филиалдың атауы)                         (кассирдің аты-жөні)
__________________________________________ мекен-жайында тұратын, 
(жеке тұлғаның / заңды тұлғаның мекен-жайы)
байланыс телефоны ________________ ___________________________
                    (телефоны) (жеке тұлғаның аты-жөні /
____________________________________________________________ -дан 
      заңды тұлғаның атауы)
_____________________ жасалған, салмағы ___________грамм, номиналы
(металл және сынам)
________________________теңге ___________________________________ 
(сандармен және жазумен)        (инвестициялық / коллекциялық)
монетаны қабылдағаны жөнінде жасалды.

Қазақстан Республикасының                 _______________________
Ұлттық Банкі___________________           (жеке тұлғаның аты-жөні/
                 (филиалдың атауы)           
                                          ________________________
                                            заңды тұлғаның атауы
                                            және өкілдің аты-жөні
филиалының кассирі_____________________   ________________________
                  (кассирдің аты-жөні)            (қолы) _________
______________________
  (кассирдің қолы)

      Ескерту: қабылданған монетаның салмағы ондық үлеспен граммен
көрсетіледі.