"Өмірді сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарында бухгалтерлік есепті жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 61 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2848 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 24 мамыр - 6 маусымда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 15 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3468 тіркелген) енгізілген толықтырумен қоса мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауындағы, кіріспесіндегі және 1-тармағындағы "жалпы сақтандыру" саласындағы" деген сөздер "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықта:
атауындағы және 2-тармағындағы "жалпы сақтандыру" саласындағы" деген сөздер "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салаларындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
"2-1-бөлім. "Өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операцияларды есепке алу
1-тарау. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша операцияларды есепке алу
34-8. Өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша барлық сақтандыру сыйлықақыларының сомасы шарттың барлық қолдану мерзімі ішінде тиісті үлестері бар сақтандырушының (қайта сақтандырушының) шартта көзделген және сақтанушы (қайта сақтанушы) төлейтін кіріс ретінде танылады.
Егер жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлейтіні көзделсе, сақтандыру сыйлықақысының толық көлемдегі барлық сомасы шарт күшіне енген сәттен бастап сақтандырушының (қайта сақтандырушының) кірісі болып танылады және осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес бухгалтерлік жазбалар орындалады.
Егер жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру сыйлықақысын шарттың қолданылу мерзімі немесе шартта белгіленген басқа мерзім аяқталғанға дейін жыл сайын (тоқсан сайын, ай сайын) төлейтіні көзделсе, кіріс алуға есептелген мөлшерде, бір жыл (тоқсан, ай) ішінде танылады және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) шарттың талабына сәйкес сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) алынатын мөлшерде есептелген кірістер сомасына:
Дт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары"
Кт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер";
2) нақты түскен сақтандыру сыйлықақы сомасына:
Дт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша"
Кт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
сыйлықақылары".
34-9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген кезеңділікпен сақтанушы (қайта сақтанушы) шарттың талаптарына сәйкес төлейтін инвестициялық кіріс есептеледі және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 801 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
шығыстар" (инвестициялық кіріс сомаларын есепке алуға
арналған жеке қосалқы шот)
Кт 671 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
кредиторлық берешек" (инвестициялық кіріс бойынша
сақтанушылардың алдындағы берешекті есепке алуға
арналған жеке қосалқы шот).
34-10. Сақтанушы (қайта сақтанушы) өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша төлеуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының сомасы шартта келісілген ақы төлеу талаптарына қатысты кіріс ретінде танылады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеу көзделсе, кіріс шарт күшіне енгізілген күннен бастап толық көлемде танылады, бухгалтерлік жазбалар осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес орындалады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу көзделсе, кіріс шартты қолдану мерзімі аяқталғанға дейін онда белгіленген тиісті үлестермен танылады, бухгалтерлік жазбалар осы Нұсқаулықтың 34-8-тармағына сәйкес орындалады.
34-11. Сақтанушы жеңілдік кезеңі (сақтандыру сыйлықақысын кейінге қалдыру кезеңі) басталған күннен бастап кезекті сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы мерзімін өткізіп алу шоттарына жатқызылады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 301 47 "Сақтанушылардың сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша
мерзімі өткен берешегі",
Кт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары".
34-12. Сақтандырушы сақтанушының кінәсы бойынша төленбеген (жеңілдік кезеңі ішінде мерзімі өткен) және қайта сақтандырушыға аударуға тиісті сақтандыру сыйлықақысының сомасына қайта сақтандыру шартын жасаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 801 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
шығыстар" (мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының
сомаларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот),
Кт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу" (мерзімі өткен
сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын есепке алуға
арналған жеке қосалқы шот).
34-13. Сақтанушыдан мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақыларының сомалары түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша",
441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша"
Кт 301 47 "Сақтанушылардың сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша
мерзімі өткен берешегі";
және бір мезгілде қайта сақтандырушыға аударылатын сақтандыру сыйлықақыларының сомасына:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу" (мерзімі өткен
сақтандыру сыйлықақыларының сомаларын есепке алуға
арналған жеке қосалқы шот)
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
432 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша".
34-14. Өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтандырушы (қайта сақтандырушы) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында немесе Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тұлғаға келтірілген шығыстар шегерілген сатып алу сомасын төлейді және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) толық алынбаған сақтандыру сыйлықақыларын түзету сомасына:
Дт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер"
Кт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары";
2) сатып алу сомасын қайтару сомасына:
Дт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер",
801 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
шығыстар" (жеке қосалқы шот ашылады)
Кт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу";
3) нақты төлем кезінде:
Дт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша".
34-15. Қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптары сақтанушының (қайта сақтанушының) бастамасы бойынша өзгерген және сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы азайған (ұлғайған) жағдайда, сақтандырушы (қайта сақтандырушы) сақтандыру сомасын қайта есептейді және сақтандыру сыйлықақысының жаңа мөлшерін белгілейді.
Сақтанушы сақтандыру сомасын азайтқан кезде сақтандырушы (қайта сақтандырушы) бұрынғы және жаңа сақтандыру сомасы арасындағы айырманы сақтанушының (қайта сақтанушының) қалауы бойынша не оған төленетін не болашақ сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін есептелетін төленген сақтандыру сыйлықақысын ескере отырып айқындайды және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) бұрынғы және жаңа сақтандыру сомасы арасындағы айырма төленетін сомаға:
Дт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер",
Кт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары"
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу";
2) нақты төлеу кезінде:
Дт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша";
3) пайда болған айырманы болашақ сақтандыру сыйлықақысын төлеу есебіне есепке алған кезде:
Дт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 611 "Болашақ кезеңдер кірістері" (жеке қосалқы шот ашылады);
4) пайда болған, болашақ сақтандыру сыйлықақысын төлеу есебіне жатқызылған айырма сақтандырушының (қайта сақтандырушының) кірісіне сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген кезеңділікпен тепе-тең негізде жатқызылады:
Дт 611 "Болашақ кезеңдер кірістері" (жеке қосалқы шот ашылады)
Кт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер".
Сақтанушы сақтандыру сомасын сақтанушы (қайта сақтанушы) төлейтін сақтандыру сыйлықақысының сомасына ұлғайтқан кезде сақтандырушы (қайта сақтандырушы) осы Нұсқаулықтың 34-8-тармағына сәйкес бухгалтерлік жазбаларды орындайды.
2-тарау. Ұсынылған заемдар бойынша операцияларды есепке алу
34-16. Сақтандырушы сатып алу сомасы шегінде сақтанушыларға заем ұсынған кезде ұсынылған заем сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 403 21 "Клиенттерге ұсынылған қысқа мерзімді заемдар",
403 22 "Клиенттерге ұсынылған ұзақ мерзімді заемдар"
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша".
34-17. Сақтандырушы заем беру туралы шарттың талаптарына сәйкес ай сайын сыйақы есептейді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) сыйақы түрінде есептелген кірістер сомасына:
Дт 332 25 "Клиенттерге ұсынылған кірістер, заемдар бойынша сыйақы
түрінде есептелген",
Кт 724 25 "Заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер";
2) негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу сомасына:
Дт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
Кт 403 21 "Клиенттерге ұсынылған қысқа мерзімді заемдар",
403 22 "Клиенттерге ұсынылған ұзақ мерзімді заемдар",
332 25 "Клиенттерге ұсынылған кірістер, заемдар бойынша сыйақы
түрінде есептелген".
3-тарау. Сақтандыру резервтері бойынша
операцияларды есепке алу
34-18. Өмірді сақтандыру шарттары бойынша болмаған шығындар резервін қалыптастырған кезде қалыптастырылатын резерв сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 801 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
болмаған шығындар резервін қалыптастыру бойынша
шығыстар",
Кт 687 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
болмаған шығындар резерві".
34-19. Қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандырушыға тәуекелдердің бір бөлігін берген кезде, осы шарт күшіне енген күннен бастап сақтандырушы қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесінің сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны орындайды:
Дт 687 49 "Қайта сақтандырушының өмірді сақтандыру (қайта
сақтандыру) шарттары бойынша болмаған шығындар
резервіндегі үлесі",
Кт 801 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
бойынша болмаған шығындар резервін қалыптастыру бойынша
шығыстар".
34-20. Актуарлық қорытындылар негізінде сақтандыру резервтерін азайтқан (түзеткен) кезде және сақтанушы сақтандыру шартының талаптарын өзгерткен жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 687 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
бойынша болмаған шығындар резерві",
Кт 801 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
бойынша болмаған шығындар резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар".
34-21. Қайта сақтандырушының үлесін азайтқан (түзеткен) кезде, сақтандырушы қайта сақтандыру шартына сәйкес бухгалтерлік есепте қайта сақтандырушының үлесін азайтады және мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 801 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
бойынша болмаған шығындар резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар".
Кт 687 49 "Қайта сақтандырушының өмірді сақтандыру (қайта
сақтандыру) шарттары бойынша болмаған шығындар
резервіндегі үлесі".
34-22. Сақтандырушының жария етілген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін қалыптастыруы осы Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі. Қайта сақтандырушының жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі үлесі осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
4-тарау. Сақтандыру төлемдері бойынша
операцияларды есепке алу
34-23. Сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырушы (қайта сақтандырушы) сақтандыру шартына сәйкес сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сай сақтандыру сомасын алуға уәкілетті тұлғаға сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешек сомасына азайтылған сақтандыру төлемін төлейді және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемі сомасын есептеген кезде:
Дт 687 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
болмаған шығындардың резерві",
687 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві"
Кт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары",
301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру
сыйлықақылары";
және бір мезгілде осы сомаға:
Дт 801 47 "Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру бойынша шығыстар",
Кт 801 43 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
болмаған шығындар резервін қалыптастыру бойынша
шығыстар",
801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар";
шарт талаптарын сақтай отырып сақтандыру сомасын және жинақталған инвестициялық кірісті нақты төлеу сомасына:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
671 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
кредиторлық берешек" (инвестициялық кіріс бойынша
сақтанушылар алдындағы берешекті есепке алуға арналған
жеке қосалқы шот),
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
432 02 "Ағымдағы шоттардағы шетел валютасындағы ақша",
451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша".
5-тарау. Аннуитеттік сақтандыру шарттары
бойынша операцияларды есепке алу
Сақтанушы аннуитет шартын шартпен белгіленген мерзімнің аяғына дейін сақтандыру сыйлықақысын кезеңді негізде төлейтін талаппен жасаған кезде, сақтандырушы осы Нұсқаулықтың 34-8-тармағына сәйкес бухгалтерлік жазбалар орындайды.
34-25. Аннуитет шарты бойынша болмаған шығындар резервін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 801 44 "Аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар
резервін қалыптастыру бойынша шығыстар",
Кт 687 44 "Аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар резерві".
34-26. Сақтанушы тарапынан сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі аяқталған соң, сақтандырушы аннуитет шартында белгіленген кезеңділікпен сақтандыру сыйлықақыларының (аннуитет) сомасын есептейді және мынадай бухгалтерлік жазбалар орындайды:
1) есептелген кезеңді төлемдер сомасына:
Дт 687 44 "Аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар резерві",
Кт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу";
және бір мезгілде,
Дт 801 47 "Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру бойынша шығыстар",
Кт 801 44 "Аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар
резервін қалыптастыру бойынша шығыстар";
2) аннуитет сомасы нақты төленген кезде:
Дт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
Кт 441 02 "Ағымдағы шоттардағы ұлттық валютадағы ақша",
451 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша".
34-27. Өмірді жинақтаушы және жинақтаушы емес шарттарды қайта сақтандыру бойынша операцияларды есепке алу осы Нұсқаулықтың 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.