Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 153 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3996

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заңының 15-бабының з-1) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы (бұдан әрі - Ұлттық Банк)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Монетарлыққа жататын қызмет - ақша кредит саясатын іске асыру, алтынвалюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және мынадай операциялар кіретін заңды тұлғалардың активтерін басқару мақсатында:
      заемдар беру;
      халықаралық қаржы ұйымдарынан, шетел мемлекеттерінің орталық банктерінен және басқа кредиторлардан кредиттер алу;
      депозиттерді тарту және орналастыру;
      коммерциялық вексельдерді қайта есептеу;
      шетел валютасын сатып алу және сату;
      Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару және орналастыру;
      мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу құқығы бар бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бағалы қағаздармен өзге де операцияларды жүргізу;
      валюталық құндылықтарды және қымбат металдарды әкелу, әкету;
      қымбат металдарды, оның ішінде тазартылған алтынды сатып алу және сату, Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы нарықта қымбат металдармен басқа операцияларды жүзеге асыру;
      қымбат металдарды және асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сынақтар және сараптау жүргізу, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүзеге асыру үшін қажет тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу;
      ақша нарығындағы банкаралық депозиттер, РЕПО және кері РЕПО, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және басқа борыштық міндеттемелер сияқты құралдармен операциялар;
      ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын дайындау, сатып алу, сату, өтеуін төлеп сатып алу, сақтау, жеткізу, әкету, ауыстыру, өңдеу, орау, айырбастау, айналыстан алу және жою, олардың дизайнын айқындау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу, айналысқа шығарғанға дейін ұлттық валютаның банкноталары мен монеталары туралы ақпараттық материалдарды дайындау, сондай-ақ аталған операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу;
      туынды қаржы құралдарымен, арнайы қарыз алу құқықтарымен (АҚҚ) операция;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару;
      Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе басқа заңды тұлғалардың арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шарттар негізінде активтерді сенімгерлік басқару;
      кастодиандық және брокерлік қызмет;
      банктерде, қаржы институттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашу;
      банктердің, қаржы институттарының, халықаралық ұйымдардың және басқа заңды тұлғалардың шоттарын Ұлттық Банкте ашу және жүргізу;
      төлем жүйелерінің жұмыс істеуі, ақша төлемдері мен аударымдарының барлық түрлерін, оның ішінде қайта жіберумен, қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты және төлем құжаттарымен өзге де операцияларды жүргізу;
      сыртқы және ішкі нарықтарда Ұлттық Банк операцияларын, оның ішінде портфельдерді талдау және алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі тәуекелдерді бағалау, сыртқы басқарушының мониторингіне талдау жүргізу;
      қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыру, оларды есепке алу, талдау және бақылау, қаржы нарықтары және қаржы құралдары туралы деректерді алу, резервтік ақпаратты жасау;
      қаржы нарықтары қаржы құралдары, банктер және өзге де қаржы ұйымдары туралы деректерді, сондай-ақ халықаралық есеп айырысудың барлық түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынатын ақпараттық агенттіктерден тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алтынвалюта активтерін және басқа заңды тұлғалардың активтерін басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Ұлттық Банкке тиесілі акцияларды сатуға қаржы және өзге де консультанттардың және кеңесшілердің, сенімгерлік басқарушылардың және процессуалдық агенттердің қызмет көрсетулерін сатып алу, Ұлттық Банктің Резервтік орталығын құруға қажетті консультанттардың қызметін сатып алу жүзеге асырылатын қызмет айқындалсын;
       ұлттық валютаның банкноталарын, монеталарын және қымбат металдарды сақтау орындарының жұмыс істеу жүйелерінің (күзет, дабыл және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс, кіріп-шығуды бақылау, бейне бақылау, жел айдау, кондиционирлеу, электрмен қамту, сумен қамту және жылумен қамту) жұмыс істеуі;
      Ұлттық Банкке жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындауға байланысты ақпараттық материалдарды жасау және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және баспа басылымдарында орналастыру;
      ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, макропруденциалдық реттеу, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша зерттеулерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 2010.03.29 № 27 Қаулысымен.

      2. Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы (Шатанов А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға және ол құрылтайшы әрі уәкілетті органы болып табылатын акционерлік қоғамдарға жіберсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қатыстылығына қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Г.З.Айманбетоваға және А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы