Бағалы қағаздар рыногының айқындылық дәрежесін және оның қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 8 Қаулысы.
2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3) Агенттік Басқармасының "Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2941 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодианның есеп беру ережесінде:
2-қосымшада:
5-ескертуде "16-бағанда мәміленің бағасын шетел валютасында көрсету қажет." деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-ескертумен толықтырылсын:
"6-1. Егер клиент ақшаны қолдана отырып операцияларды жүзеге асырмаған жағдайда, 5 және 6-бағандар толтырылмайды.".
7-ескерту:
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша мәмілені жасаған кезде клиентті "Сатушы" не "Сатып алушы" ретінде теңестіру қажет.";
"Сатушылардың және бағалы қағаздарды сатып алушылардың коды:" кестесі мынадай мазмұндағы 6 және 7-жолдармен толықтырылсын:
6. |
Жинақтаушы зейнетақы қоры, меншікті активтер |
PF |
7. |
Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтері |
PF_AS |
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне және "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың шараларын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға