Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің акционерлері туралы ақпараттың көлемін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 416 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3986. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің айқындылық дәрежесін, оның қызмет етуінің тиімділігін арттыру және міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2345 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2860 тіркелген, "Заң газетінде" 2005ж. 16 қыркүйекте N 170-171 (904-905) жарияланған), 2004 жылғы 25 қазандағы N 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3229 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2005 жылы N9-13 жарияланған), 2005 жылғы 28 мамырдағы N 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3721 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-қосымшада:
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
      "Азамат" деген сөз алынып тасталсын;

      2-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталған зейнетақы қаражатының жоғалуын өтеуге;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) Салымшыға/Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен/Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;";
      9) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) Салымшының/Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының/Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;";

      4-тармақтың 4) тармақшасы "растайтын құжаттарды ұсына отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "төлемдерді жүзеге асыру сәтіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын;
      "3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Салымшымен/Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде агентке қайтарады.";

      2-қосымшада:
      Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін):

      2-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Салымшыға/Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Салымшымен/Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;";
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын;
      "15-1) Салымшының/Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының/Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;";

      4-тармақтың 2) тармақшасында "Қорға" деген сөзден кейін " растайтын құжаттарды ұсына отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақша "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша "төлемдерді жүзеге асыру сәтіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Салымшымен/Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде Салымшыға/Алушыға қайтарады.";

      Үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында:
      2-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;";
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының/Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;";

      5-тармақтың 2) тармақшасында "Қорға" деген сөзден кейін "растайтын құжаттарды ұсына отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "төлемдерді жүзеге асыру сәтіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын;
      "3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде Салымшыға қайтарады.";

      3-қосымшада:
      2-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Алушыға жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күнге ақы алмастан оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Алушымен келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;";
      8) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) Алушының деректемелері өзгерген жағдайда Салымшының/Алушының жазбаша хабарламасы негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;";

      5-тармақта "Қорға" деген сөзден кейін "растайтын құжаттарды ұсына отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "төлемдерді жүзеге асыру сәтіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қордың уәкілетті органы бекіткен комиссиялық сыйақының көлемі;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Алушымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарт болмаған жағдайда, оның пайдасына түсетін зейнетақы жарналарын Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде Салымшыға қайтарады.".

      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры Салымшыға/Алушыға Қордың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің дауыс беретін акциялардың он және одан астам процентіне иелік ететін акционерлері туралы мынадай ақпаратты береді:
      жеке тұлғаға қатысты: фамилиясы, аты, болса әкесінің аты, азаматтығы, қатысу үлесі (процентпен);
      заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почталық индексі, қаласы, көшесі, үй нөмірі, телефоны, факсы, электрондық адресі), мемлекеттік тіркеу, бірінші басшы (фамилиясы, аты, болса әкесінің аты) және қатысу үлесі (процентпен) туралы деректер.
      Осы ақпаратты Қор Зейнетақы ережелерінде көрсетіп, Салымшының/Алушының жазбаша сұратуы бойынша ұсынылады және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануы, сондай-ақ Қордың Web-сайтында орналастырылуы тиіс.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға